Үздік оқытушылар марапатталды — ҚазҰУ

91ý

Үздік оқытушылар марапатталды

16 маусым 2026
Үздік оқытушылар марапатталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2025-2026 оқу жылын қорытындылау аясында білім беру мен ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қосқан үздік профессор-оқытушылар құрамын марапаттау рәсімі өтті.

 

     ылыми кеңес отырысында профессор-оқытушылар құрамының жыл бойғы қызметінің нәтижелері қорытындыланып, білім беру сапасын арттыруға, заманауи оқыту әдістерін енгізуге, сондай-ақ студенттердің академиялық дамуын қолдауға және университеттің білім беру ортасын жетілдіруге бағытталған жұмыстары жоғары бағаланды. 

 

«ҚазҰУ-дың үздік оқытушысы» номинациясы бойынша халықаралық қатынастар факультетінің оқытушысы Лаура Исова халықаралық білім беру ынтымақтастығын дамытуға және оқу үдерісінің сапасын арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін марапатталды.

     STEM бағыты бойынша химия және химиялық технология факультетінің оқытушысы Гүлзада Ажыкова білім алушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамытуға және заманауи білім беру технологияларын тиімді енгізуге қосқан еңбегі үшін марапат иегері атанды. 

Әлеуметтік-гуманитарлық бағытта заң факультетінің оқытушысы Әсел Ізбасова құқықтық білім беруді жетілдіруге және оқыту процесіне инновациялық тәсілдерді енгізуге қосқан үлесі үшін марапатталды.

«Жас үздік оқытушы» атағы ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің оқытушысы Әсел Оспанға цифрлық білім беру құралдарын дамытуға және жасанды интеллект бағытындағы оқу бағдарламаларын жаңғыртуға қосқан үлесі үшін берілді.

      Арнайы номинациялар бойынша да бірқатар оқытушылардың жетістіктері аталып өтті. География және табиғатты пайдалану факультетінің оқытушысы Айман Шәкен студенттердің оқу үдерісіне белсенді қатысуын арттыруға бағытталған интерактивті әдістерді тиімді қолданғаны үшін марапатталды. Заң факультетінің оқытушысы, философия докторы (PhD), доцент міндетін атқарушы Карина Сураева ағылшын тілінде оқытудағы жоғары педагогикалық шеберлігі үшін марапат иегері атанды. Журналистика факультетінің оқытушысы Александр Рожков оқу-әдістемелік кешендерді сапалы әзірлеудегі еңбегі үшін наградталды.

          Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі