«Жастардың ғылыми әлеуеті: жетістіктері мен болашағы»
2026 жылғы 20 ақпан күні Медицина және денсаулық сақтау факультетінің Мейірбике ісі кафедрасының базасында университеттің Жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен «Жастардың ғылыми әлеуеті: жетістіктері мен болашағы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Іс-шараға профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар, магистранттарды қоса алғанда барлығы 12 адам қатысты.
Баяндамашылар:
– Билибаева Галия Жанузаковна, PhD, доцент м.а.– «Жас ғалымдардың ғылыми зерттеулердегі рөлі мен мүмкіндіктері»
–Максудова Махигуль Халмурзаевна, магистр, аға оқытушы – «Жастардың ғылыми белсенділігін арттыру жолдары»
–Самиғуллақызы Анита, магистрант – «Инновациялық жобалардағы жас зерттеушілердің тәжірибесі»
Негізгі талқыланған мәселелер:
– Жастардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуын ынталандыру тетіктері;
– ылым мен медицина саласы арасындағы өзара байланысты нығайту;
– Жас ғалымдарды қолдау бағдарламалары мен гранттық мүмкіндіктер.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар көтерілген тақырыптардың жоғары практикалық маңыздылығын атап өтті.