Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ғылыми зерттеулердің теориясы мен әдіснамасы бойынша халықаралық білім беру курсы аяқталды — ҚазҰУ

91ý

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ғылыми зерттеулердің теориясы мен әдіснамасы бойынша халықаралық білім беру курсы аяқталды

25 маусым 2026
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ғылыми зерттеулердің теориясы мен әдіснамасы бойынша халықаралық білім беру курсы аяқталды

2026 жылғы 25 маусым күні сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ылыми кітапханасында  «Әлеуметтік және ұйымдастырушылық психологиядағы ғылыми зерттеулердің теориясы мен әдіснамасы») және  «ылыми зерттеулердің негіздері» атты халықаралық білім беру курсының қатысушыларына сертификаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

Курс 2026 жылғы 1–26 маусым аралығында Punjab University (Pakistan) профессоры, Scopus H-index 18 көрсеткішіне ие Dr. Rab Nawaz Lodhi жетекшілігімен өткізілді.

Курсты ұйымдастырушы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультетінің Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.

Бір ай бойы докторанттар, жас ғалымдар мен оқытушылар ғылыми зерттеулердің заманауи әдіснамасын, жасанды интеллект құралдарын ғылыми қызметте қолдануды, , әдеби шолулар дайындауды, сапалық зерттеу әдістерін, академиялық этиканы және Scopus базасында индекстелетін халықаралық ғылыми журналдарға мақала дайындаудың заманауи тәсілдерін меңгерді. Курс соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.