ылыми мақаланы жазу және жариялау тәжірибесі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінде факультеттің жас ғалымдары, магистранттары мен докторанттарына арналған «ылыми мақаланы жазу және жариялау тәжірибесі» тақырыбында мастер-класс өткізілді. Іс-шараны метеорология және гидрология кафедрасының доцент-зерттеушісі, география ғылымдарының кандидаты Мусина Айнур Каировна жүргізді.
Мастер-класстың негізгі мақсаты – жас зерттеушілердің жарияланымдық мәдениетін арттыру, академиялық жазу дағдыларын дамыту және ғылыми мақалаларды отандық және халықаралық ғылыми басылымдарда жариялаудың заманауи талаптарымен таныстыру болды. Қазіргі таңда ғылыми көрсеткіштердің және халықаралық ғылыми коммуникацияның маңызы артып отырған жағдайда сапалы ғылыми жарияланымдарды дайындау мәселесі ерекше өзектілікке ие.
Іс-шара барысында ғылыми мақаланы дайындаудың негізгі кезеңдері жан-жақты қарастырылды. Атап айтқанда, зерттеу тақырыбын таңдау, ғылыми мәселені айқындау, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін тұжырымдау, мақаланың логикалық құрылымын қалыптастыру, әдебиеттерге шолу дайындау, зерттеу нәтижелерін ұсыну және қорытындыларды рәсімдеу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар академиялық жазудың ерекшеліктері, ғылыми жарияланымдарды рәсімдеу талаптары, академиялық адалдық қағидаттары мен жарияланым этикасының маңызды аспектілері қарастырылды.
Қатысушылар ғылыми нәтижелерді жариялау үшін журнал таңдау бойынша практикалық ұсынымдар алып, ғылыми басылымдардың сапасын бағалау критерийлерімен, сондай-ақ Scopus және Web of Science халықаралық дерекқорларында индекстелетін журналдарда жариялану ерекшеліктерімен танысты. Әдебиеттерге сапалы шолу жасауға арналған ғылыми ақпаратты іздеу және талдау құралдары көрсетілді. Практикалық бөлімде ғылыми мақаланың құрылымы егжей-тегжейлі талданып, оның әрбір бөлімінің мазмұны мен қойылатын талаптары түсіндірілді. Қатысушылар кіріспе бөлімін жазу, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін негіздеу, материалдар мен әдістерді сипаттау, нәтижелерді ұсыну және талқылау, сондай-ақ қорытынды бөлімін дайындау ерекшеліктерімен танысты. Сонымен қатар ғылыми мақалаларды дайындау барысында жиі кездесетін қателіктер қарастырылып, оларды болдырмау жолдары бойынша практикалық кеңестер берілді.

Мастер-класс мазмұнды әрі интерактивті форматта өтіп, қатысушылар арасында ашық пікір алмасуға мүмкіндік берді. Жас зерттеушілер көтерілген мәселелерге үлкен қызығушылық танытып, ғылыми жарияланымдарды дайындауға қатысты өздерін толғандырған сұрақтарға жан-жақты жауап алды.
Осындай іс-шараларды өткізу жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттыруға, академиялық жазу мәдениетін қалыптастыруға және ғылыми зерттеулердің сапасын жақсартуға маңызды үлес қосады. Алынған білім мен тәжірибелік ұсынымдар магистранттар, докторанттар және жас ғалымдардың болашақ ғылыми қызметінде кеңінен қолданылатын болады.

Факультет ұжымы Мусина Айнур Каировнаға мазмұнды әрі өзекті мастер-класс өткізіп, өзінің ғылыми және жарияланымдық тәжірибесімен бөліскені үшін шынайы алғысын білдіреді. Мұндай кездесулер жас ғалымдардың кәсіби дамуына және факультеттің ғылыми ортасының нығаюына зор ықпал етеді.