«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы — ҚазҰУ

91ý

«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы

8 сәуір 2026
«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы

2026 жылдың 7-8 сәуір аралығында биология және биотехнология факультетінде Фараби оқулары аясында өткізілген студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби əлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өткізілді.

Фараби оқулары аясында өткізілген студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы білім алушылардың, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды ғылыми іс-шара болып табылады.

Конференцияның негізгі мақсаты — жастардың ғылыми ізденісін қолдау, олардың зерттеу нәтижелерін көпшілікке ұсынуына мүмкіндік жасау, ғылыми пікір алмасу мәдениетін қалыптастыру және отандық әрі шетелдік жас зерттеушілер арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Іс-шара барысында қатысушылар әртүрлі ғылыми бағыттар бойынша баяндамалар жасап, өз зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісті. Конференцияда заманауи ғылымның өзекті мәселелері, инновациялық технологиялар, білім беру, жаратылыстану, әлеуметтік-гуманитарлық және басқа да салалардағы ғылыми жаңалықтар талқыланды. Жас ғалымдар өзара тәжірибе алмасып, ғылыми жобаларын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар алды.

«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми белсенділігін арттыруға, зерттеу жұмыстарына қызығушылығын күшейтуге және олардың кәсіби дамуына ықпал етті. Сонымен қатар бұл іс-шара жас зерттеушілер үшін ғылыми ортаға бейімделуге, академиялық байланыстар орнатуға және болашақ ғылыми жобаларға негіз қалыптастыруға мүмкіндік берді.