Жақсы денсаулық және әл-ауқат
Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ 3) сәйкес, 2026 жылғы 21 сәуірде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының «7M01504 – Биология» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттары «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» атты іс-шара ұйымдастырды.
«Жақсы денсаулық және әл-ауқат» атты іс-шара салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықты сақтау мәдениетін қалыптастыру және білім алушылардың физикалық әрі психологиялық әл-ауқатын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шара барысында дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, психикалық денсаулық, зиянды әдеттердің алдын алу және денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәселелері қарастырылды. Аталған іс-шара қатысушылардың салауатты өмір салтына қызығушылығын арттырып, денсаулықтың адам өміріндегі маңызды құндылық екенін түсінуге мүмкіндік берді.
