Кәсіби құзыреттілік – еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілік — ҚазҰУ

91ý

Кәсіби құзыреттілік – еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілік

3 сәуір 2026
Кәсіби құзыреттілік – еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілік

2026 жылдың 3 сәуірінде сағат 14:00-де Ақпараттық жүйелер кафедрасы мен Жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен «Кәсіби құзыреттілік – еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілік» тұрақты даму мақсаттары аясында маңызды кездесу өтті.

Іс-шараға Мадина Алибековна Джолдасова — Kolesa Group компаниясының Mobile QA-инженері шақырылды. Кездесудің тақырыбы: «IT саласында сапаға кім жауапты?».

Кездесу барысында қатысушылар QA (сапаны қамтамасыз ету) маманының негізгі міндеттерімен, оның IT-командадағы рөлімен танысты. Сонымен қатар, спикер IT саласына кірудің алғашқы қадамдары, қажетті дағдылар және кәсіби даму жолдары туралы тәжірибесімен бөлісті.

Аталған іс-шара студенттердің кәсіби бағдарын қалыптастыруға, олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталды.

Іс-шараны ұйымдастырушы: А.С. Кәрібаева, Ақпараттық жүйелер кафедрасының доценті м.а., PhD.