ылым медиа кеңістігінде: ғылыми нәтижелерді қоғамға қалай жеткізуге болады — ҚазҰУ

91ý

ылым медиа кеңістігінде: ғылыми нәтижелерді қоғамға қалай жеткізуге болады

22 сәуір 2026
ылым медиа кеңістігінде: ғылыми нәтижелерді қоғамға қалай жеткізуге болады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде шетелдік студенттермен және жас ғалымдармен кездесу өтті. 

Іс-шара барысында ғылымды медиа кеңістікте насихаттау, ғылыми нәтижелерді қоғамға түсінікті әрі қолжетімді түрде жеткізу, ғылыми коммуникацияның заманауи құралдарын пайдалану мәселелері талқыланды. Сондай-ақ студенттер мен жас зерттеушілердің ғылыми жобаларға, халықаралық бағдарламаларға және пәнаралық зерттеулерге қатысу мүмкіндіктері қарастырылды.

Кездесу соңында қатысушылар ғылыми коммуникация дағдыларын дамытуға бағытталған тренингтер мен практикалық іс-шараларды жалғастыруға қызығушылық білдірді.