ҚазҰУ-дың эколог студенттері «TazaQala» платформасын сынақтан өткізуге қатысты — ҚазҰУ

91ý

ҚазҰУ-дың эколог студенттері «TazaQala» платформасын сынақтан өткізуге қатысты

25 маусым 2026
ҚазҰУ-дың эколог студенттері «TazaQala» платформасын сынақтан өткізуге қатысты

2026 жылғы 25 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасының меңгерушісі Базарбаева Т.А. бастаған оқытушылар құрамы және «6В05202 – Экология» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінде өткен «TazaQala» платформасының таныстырылымы мен практикалық апробациясына қатысты.

Іс-шара Алматы қаласының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының, университет басшылығының, құқық қорғау органдарының, экологиялық қызметтердің және қоғамдық ұйымдардың қатысуымен ұйымдастырылды.

Рейдтік іс-шаралар барысында эколог студенттер платформаның жұмысын нақты жағдайларда сынақтан өткізіп, жоғары белсенділік, қызығушылық және экологиялық мәселелерді шешуде заманауи цифрлық құралдарды қолдануға дайын екендіктерін көрсетті. Пәнаралық топтар құрамында жұмыс істеу студенттерге құнды тәжірибе жинақтап, қоршаған ортаны қорғауда цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерімен танысуға мүмкіндік берді.

Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына, әсіресе ТДМ 11. «Тұрақты қалалар мен елді мекендер» және ТДМ 17. «Тұрақты даму мақсатындағы әріптестік» қағидаттарына сәйкес келеді. «Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасы экологиялық мәдениетті дамытуға, заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге және студенттерді тұрақты даму мүддесіне бағытталған практикалық қызметке тартуға бағытталған бастамаларды қолдауды жалғастырады.

#KazNU #TazaQala #Экология #EcoStudents #SustainableDevelopment #EnvironmentalEducation #SDG11 #SDG17 #Almaty #GreenCampus