Ғылым мен жоғары білімді дамыту елдің стратегиялық даму бағытының ажырамас бөлігі.
Еліміздің жаңа Конституциясында ғылым, жоғары білім және инновациялар жүйесіне үлкен мән берілген, еліміздің ұзақ мерзімді даму бағытын айқындайды.
Бұл тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет білім, ғылым және инновацияны дамыту елдің стратегиялық даму бағыты мен ұлттық өркендеудің негізгі тіректерінің бірі ретінде бекітілді. Бұл интеллектуалдық әлеуетті нығайту, ғылыми ізденісті қолдау және инновациялық экономиканы дамыту мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының біріне айналғанын көрсетеді.
Сондай ақ, адам капиталына, білім мен ғылымға негізделген экономиканы қалыптастыру жолындағы стратегиялық таңдау деп білеміз, яғни еліміздің болашағы табиғи ресурстармен ғана емес, білімді, білікті әрі жаңашыл азаматтардың әлеуетімен тығыз байланысты. ҚР Ғылым және білім министрі Саят Нұрбек осы салаға жетекшілік ететін министр ретінде бұл бастаманың мәнін, оның қоғам үшін ашатын мүмкіндіктерін және әрбір азаматтың игілігіне бағытталған нақты міндет екенін түсіндіріп берді. Министр өз сөзінде жаңа бәсекеге қабілеттілік философиясы, ғылым мен білімнің Конституция преамбуласына енгізілуі жаңа конституциялық философияның өзегінде «адам – мемлекеттің басты байлығы әрі барлық құндылықтың қайнар көзі» деген қағида екенін атап өтті. Сондықтан білімге инвестиция салу, ғылымды дамыту және инновацияны қолдау енді тек жекелеген салалардың міндеті емес, елдің орнықты өсімі мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін стратегиялық басымдыққа айналады.
Қазақстан Республикасының Президенті жанынан құрылған Ұлттық ғылым және технологиялар жөніндегі кеңес құрылды және әкімдерге өңірлерде ғылыми-технологиялық саясатты іске асыру құзыреті берілді.
Ел президентінің бүгінде жыл сайын 200 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді, алайда оны жұмсау барысында қатаң тәртіп пен басымдықтарды айқындау қажет екеніне назар аудару керектігін ашық айтты. Бұл ғылымға салынған әрбір теңгенің нақты нәтижесі болуға тиіс деген сөз
Жоғары білім беру жүйесі ауқымын кеңейтумен қатар сапаға қойылатын талаптарды күшейтуге басты назар аударылмақ. Елімізде шетелдік университеттердің 33 филиалы жұмыс істейді, олардың қатарында «МИФИ» Ұлттық зерттеу ядролық университеті (Ресей), Аризона университеті (АҚШ), Сорбонна университеті (Франция), Лотарингия университеті (Франция), Кардифф университеті (Ұлыбритания), Де Монфорт университеті (Ұлыбритания), Бейжің тіл және мәдениет университеті (ҚХР) және басқалары бар. Негізгі критерий – ашылған мекемелердің саны емес, елдің ғылыми әлеуетіне қосылатын мазмұнды үлес болуға тиіс. Салалық министрліктің басшысы ретінде мен бұл қағиданың әрбір жаңа жобаны бағалаудың негізі ретінде атап өтті.
Сонда ақ министр инженерлік-техникалық бағытқа басымдық беру мәселесі ерекше назар аударуды талап ететіін атап өтті.
Мемлекет басшысы атап өткендей, енді ұлттың менталитетін ғылым мен технологияға қарай өзгерту қажет. Халықаралық стандарттарды ескере отырып, инженерлік-техникалық кадрларды даярлаудың ұлттық моделін әзірлеуді ұсынды және бұл жұмыс қарқынды жүріп жатыр.
Қазақстан өзге елдердің ғылыми жетістіктерін тұтынушы ғана емес, жаңа білім мен технология өндіретін мемлекетке айналуға тиіс. Бұл үшін ғылымды экономиканың нақты секторымен ұштастыру, зерттеу нәтижелерін коммерцияландыруды күшейту және зерттеу университеттерін инновацияның жетекші орталықтарына айналдыру – министрліктің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Орталық Азиядағы демографиялық өсім мен жастар үлесінің жоғары болуы Қазақстан үшін сапалы жоғары білімнің өңірлік орталығына айналуға зор мүмкіндік береді. Жаңа Конституцияның күшіне енуімен ғылым мен жоғары білімді дамыту мемлекеттік бағдарламалардың ғана емес, елдің стратегиялық даму бағытының ажырамас бөлігіне айналады.
Ертеңгі ұрпақ бізді қабылданған заңдар мен бағдарламалардың санымен емес, талантты қолдайтын, білімге жол ашатын және жастарға өз елінде мүмкіндіктер жасай алған мемлекет ретінде бағалайды. Осындай қуатты Қазақстанды құру – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Баймуратова И.А. филология факультеті, шетел тілдері кафедрасының ассистент профессоры.
Other news