- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Халықаралық академиялық конференция және «Орталық Азия – Қытай» симпозиумы өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Халықаралық академиялық конференция және «Орталық Азия – Қытай» симпозиумы өтті
2026 жылғы 29–30 маусымда 2026 Annual Academic Conference – «Remote Sensing Empowering Sustainable Development in Central Asia – Ecological and Environmental Monitoring in Arid Regions and Collaborative Innovation» халықаралық академиялық конференциясы және I Central Asia–China Symposium on Remote Sensing Technology and Applications симпозиумы өтті.
Іс-шара Қазақстан, Қытай және басқа да елдерден келген ғалымдарды, зерттеушілерді, оқытушыларды және жас мамандарды бір алаңға біріктірді. Пленарлық және секциялық отырыстар барысында қатысушылар Жерді қашықтықтан зондтау, геоақпараттық технологиялар, экологиялық мониторинг, климаттың өзгеруі, жасанды интеллектті қолдану және аридті өңірлердің тұрақты дамуы бағытындағы ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін ұсынды.
.jpeg)
Іс-шара барысында Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы ғылыми ынтымақтастықты дамытуға, тәжірибе алмасуға және бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруге ерекше назар аударылды. Қатысушылар сондай-ақ Жерді қашықтықтан зондтаудың заманауи технологияларын дамыту перспективаларын және оларды экологиялық мониторинг пен табиғи ресурстарды басқаруда тиімді пайдалану мәселелерін талқылады.
Халықаралық академиялық конференция мен симпозиум Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы жаңа ғылыми жетістіктерді таныстыруға, академиялық байланыстарды нығайтуға және халықаралық ғылыми әріптестікті кеңейтуге арналған маңызды ғылыми алаңға айналды.
.jpeg)
Басқа жаңалықтар