Биология және биотехнология факультетінің түлектеріне диплом табысталды
2026 жылғы 7 шілдеде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ректорат алаңында Биология және биотехнология факультетінің бакалавр түлектеріне диплом табыстау рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Салтанатты шара университет қабырғасында бірнеше жыл бойы білім алып, кәсіби қалыптасу жолынан өткен жас мамандардың өміріндегі маңызды кезеңнің бастауы болды.
Диплом табыстау рәсімі Қазақстан Республикасының ылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің түлектерге жолдаған бейнеқұттықтауымен ашылды. Министр құттықтау сөзінде бүгінгі түлектердің еліміздің ғылыми-технологиялық дамуына үлес қосатын жаңа буын мамандары екенін атап өтіп, олардың алған білімдерін қоғам игілігіне жұмсап, кәсіби жолда табысқа жетулеріне тілектестігін білдірді.
Университеттің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың құттықтауын университеттің Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Алина&Բ;Кулбаевна Галиева жеткізді. Ол өз сөзінде түлектердің бүгінгі жетістігі – табанды еңбектің, сапалы білімнің және оқытушылардың қажырлы қызметінің нәтижесі екенін атап өтті. Сонымен қатар, жас мамандарға кәсіби қызметте жауапкершілік танытып, ғылым мен инновацияның дамуына үлес қосып, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың абыройын әрдайым жоғары ұстайтын білікті маман болуға шақырды.
Салтанатты жиын барысында факультеттің барлық білім беру бағдарламалары бойынша бітірушілерге жоғары білім туралы дипломдар табысталды. Үздік оқу жетістіктерімен көзге түскен түлектерге ерекше құрмет көрсетіліп, олардың еңбегі жоғары бағаланды. Мерекелік іс-шараға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, ата-аналар, түлектердің жақындары мен қонақтар қатысты. Қуанышқа толы әсерлі сәттер, ізгі тілектер мен көтеріңкі көңіл күй рәсімнің сәнін келтірді. Бұл күн түлектердің студенттік өмірмен қоштасып, жаңа кәсіби белестерге бет алған тарихи сәт ретінде есте қалды.
Биология және биотехнология факультеті барлық түлектерді диплом алуымен шын жүректен құттықтайды. Сіздерге кәсіби қызметте биік белестерді бағындырып, ғылым мен білімнің, биотехнология мен биология салаларының дамуына елеулі үлес қосатын білікті маман атануларыңызға тілектеспіз. Жаңашыл идеялар мен үлкен жетістіктер әрдайым серік болып, алған білімдеріңіз жарқын болашаққа бастай берсін!


Басқа жаңалықтар