- Басты бет
- Жаңалықтар
- Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне жұмыс сапары: ғылыми ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері
Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне жұмыс сапары: ғылыми ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері
География және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша&Բ;ЮНЕСКО кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне жұмыс сапарымен барды.
Сапар аясында ұлттық парк директоры Елнұр Мұхамеджанұлы Ахметовпен кездесу өтті. Кездесу барысында Тұрақты даму жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Базарбаева Турсынкул Аманкельдиевна кафедра қызметінің негізгі бағыттарын таныстырып, әріптестікті дамыту мүмкіндіктері мен тұрақты даму, қоршаған ортаны қорғау және биоалуантүрлілікті сақтау салаларындағы бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру перспективалары туралы баяндады.

«Топырақ экологиясы» зертханасының меңгерушісі Г.А. Мұқанова зертхананың ғылыми әлеуетімен таныстырып, жүргізіліп жатқан зерттеулердің негізгі бағыттарын ұсынды. Атап айтқанда, топырақ жағдайының мониторингі, антропогендік әсерді бағалау, топырақ жамылғысының ластануын талдау және заманауи әдістерді пайдалана отырып экологиялық зерттеулер жүргізу мәселелері қамтылды.
Доцент Тусупова Б.Х. экологиялық нормалау, экологиялық бағалау, табиғи экожүйелердің мониторингі және ұлттық парктің табиғат қорғау қызметін ғылыми сүйемелдеу бағыттарындағы бірлескен жобаларды дамыту жөніндегі ұсыныстарын таныстырды.
Кездесу барысында тараптар бірлескен ғылыми зерттеулер ұйымдастыру, студенттердің оқу және өндірістік тәжірибеден өтуі, далалық экспедициялар өткізу, сондай-ақ университет пен ұлттық парк мамандарының қатысуымен білім беру және ғылыми іс-шараларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тамыз айының соңында Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында екі тарап мамандарының қатысуымен бірлескен жұмыс кеңесін өткізу туралы келісімге қол жеткізілді. Кеңес барысында ынтымақтастықтың басым бағыттары айқындалып, алдағы бірлескен жұмыстың жоспары белгіленетін болады.
.jpeg)