География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы оқытушыларының Чжэцзян халықаралық зерттеулер университетіндегі дәрісі — ҚазҰУ

91ý

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы оқытушыларының Чжэцзян халықаралық зерттеулер университетіндегі дәрісі

9 шілде 2026
География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы оқытушыларының Чжэцзян халықаралық зерттеулер университетіндегі дәрісі

Чжэцзян халықаралық зерттеулер университетінде география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының аға оқытушылары А. Ершибулов пен М. Кадылбековтің “Digital Modeling of Salt-Affected Soils in Kazakhstan” тақырыбындағы дәрісі өтті.

Дәріс академиялық алмасуды, халықаралық ынтымақтастықты және университеттер арасындағы ғылыми-білім беру байланыстарын дамытуға бағытталған “Asian Regional Development Strategy” атты жазғы білім беру бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Дәріс барысында Қазақстандағы тұзданған топырақтарды цифрлық модельдеудің заманауи тәсілдері, сондай-ақ топырақ ресурстарын зерттеу мен мониторинг жүргізуде геоақпараттық технологиялар мен қашықтан зондтау деректерін қолдану мүмкіндіктері таныстырылды.

Сонымен қатар, аталған бағдарлама аясында кафедра студенттері А. Байғожа және А. Мұрат жазғы мектепке қатысып, Азия өңірлік дамуының өзекті мәселелерімен, тұрақты даму бағыттарымен және халықаралық академиялық ынтымақтастық тәжірибесімен танысуда.

Кафедра оқытушылары мен студенттерінің бұл бағдарламаға қатысуы халықаралық байланыстарды нығайтуға, ғылыми әлеуетті арттыруға және білім алушылардың академиялық ұтқырлығын дамытуға ықпал етеді.