- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Биология және биотехнология факультеті ректорат алаңында магистранттарға диплом табыстау рәсімі өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Биология және биотехнология факультеті ректорат алаңында магистранттарға диплом табыстау рәсімі өтті
2026 жылдың 3 шілдесінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультеті Ректорат алаңында магистранттарға диплом табыстау рәсімі салтанатты түрде өтті. Бұл айтулы күн – білім мен ғылым жолында аянбай еңбек еткен жас мамандардың кәсіби өмірге қадам басқан ерекше сәті болды.
Салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасының ылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің 2026 жылғы түлектерге арналған арнайы бейнеқұттықтауымен басталды. Министр өз құттықтауында жас мамандарға жарқын болашақ, кәсіби жетістіктер мен ғылыми ізденістеріне толайым табыс тілеп, еліміздің ғылымы мен жоғары білімінің дамуына үлес қосатын білікті кадрлар боларына сенім білдірді.
Одан кейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың құттықтауын жеткізу үшін сахна төріне университеттің Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор Алина Құлбайқызы Галиева шақырылды. Өз сөзінде ол магистранттарды маңызды белеспен құттықтап, университет қабырғасында алған сапалы білімдері мен ғылыми тәжірибелері олардың болашақ кәсіби қызметінде берік негіз болатынын атап өтті. Сонымен қатар, түлектерге ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп, ғылым мен өндірістің дамуына өз үлестерін қосуға, әрдайым ізденіс пен жаңашылдыққа ұмтылуға тілек білдірді.
Салтанатты рәсім барысында магистранттарға жоғары білім туралы дипломдар табысталып, үздік оқу жетістіктерімен ерекшеленген түлектерге арнайы марапаттар берілді. Диплом иегерлері білім беру бағдарламалары бойынша сахнаға шақырылып, көптен күткен құжаттарын салтанатты жағдайда қабылдап алды.
Іс-шара мерекелік көңіл күйде өтіп, университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, түлектер мен олардың ата-аналары үшін есте қаларлық ерекше күнге айналды. Магистр дәрежесін алған жас мамандар алдағы уақытта ғылым, білім беру, медицина, биотехнология, экология және өндіріс салаларында кәсіби қызмет атқарып, еліміздің ғылыми әлеуетін арттыруға өз үлестерін қосатынына сенім мол.
Биология және биотехнология факультеті барлық магистр түлектерін маңызды жетістіктерімен шын жүректен құттықтай отырып, кәсіби жолдарында толағай табыс, ғылыми жаңалықтар, шығармашылық шабыт және жарқын болашақ тілейді.
Деканның әлеуметтік – тәрбие жөніндегі орынбасары Басыгараев Жандос Махабатович

Басқа жаңалықтар