- Басты бет
- Жаңалықтар
- Биология және биотехнология факультетінің ұжымы табиғат аясында тимбилдинг өткізді
Биология және биотехнология факультетінің ұжымы табиғат аясында тимбилдинг өткізді
2026 жылғы 27 маусым күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Биология және биотехнология факультетінің профессор-оқытушылар құрамы ұжымдық бірлікті нығайтуға, әріптестік қарым-қатынасты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған тимбилдинг іс-шарасын өткізді. Шараны «Парасат» кәсіподағының басшысы Т.Қ. Мекебаевтың қолдауымен Іс-шара Алматы қаласының көркем табиғатымен ерекшеленетін «Казачка» тау бөктерінде ұйымдастырылды. Қазіргі таңда білім беру ұйымдарының табысты қызметі тек кәсіби біліктілікпен ғана емес, сонымен қатар ұжым мүшелерінің өзара сенімі, қолдауы және бірлесіп жұмыс істей білу мәдениетімен де тығыз байланысты. Осы орайда ұйымдастырылған тимбилдинг факультет қызметкерлерін бейресми ортада жақындастырып, ұжымдағы ұйымшылдық пен корпоративтік мәдениетті одан әрі дамытуға мүмкіндік берді.
Табиғат аясында өткен бұл ерекше кездесу қатысушыларға күнделікті жұмыс қарбаласынан бір сәт серпіліп, таза ауада демалып, әріптестерімен еркін пікір алмасуға жағдай жасады. Іс-шара барысында факультет оқытушылары мен қызметкерлері командалық ойындарға қатысып, түрлі сергіту жаттығуларын орындап, қызықты эстафеталар мен танымдық ойындарда белсенділік танытты. Командалық тапсырмалар қатысушылардың ұйымшылдығын, өзара қолдау көрсету қабілетін, жауапкершілігі мен көшбасшылық қасиеттерін айқындай түсті.
Тимбилдинг бағдарламасы көңілді атмосферада өтті. Әрбір ойын мен сайыс ұжым мүшелерінің бір-бірімен жақынырақ танысуына, өзара түсіністікті арттыруына және ортақ мақсатқа жұмыла әрекет етудің маңызын сезінуге ықпал етті. Белсенді демалыс қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жағымды эмоциялар мен ұмытылмас әсер қалдырды.
Іс-шараның маңызды бөлігінің бірі табиғат аясында ұйымдастырылған дастарқан болды. Қатысушылар ұлттық және дәстүрлі тағамдардан дәм татып, еркін форматтағы әңгіме барысында оқу үдерісі, ғылыми-зерттеу жұмыстары, жаңа оқу жылына арналған жоспарлар мен факультеттің даму бағыттары жөнінде пікір алмасты. Осындай бейресми кездесулер ұжым мүшелерінің өзара сенімін арттырып, әріптестік байланысты нығайтуға ерекше ықпал етеді.
Факультет ұжымы табиғатты аялау мәдениетіне де ерекше мән беріп, демалыс соңында демалған орынды толықтай жинастырып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты. Бұл – экология және биология саласының мамандары ретінде табиғатқа жанашырлық танытудың жарқын үлгісі болды.
Мұндай іс-шаралар қызметкерлердің эмоционалдық саулығын нығайтып қана қоймай, еңбек өнімділігін арттыруға, шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға және жаңа идеялардың қалыптасуына оң әсер етеді. Ұжым мүшелерінің өзара сенімі мен ынтымақтастығы – кез келген жетістіктің негізгі кепілі.
Биология және биотехнология факультеті ұжымдық мәдениетті дамытуға, профессор-оқытушылар құрамының кәсіби әрі тұлғалық әлеуетін арттыруға бағытталған осындай игі бастамаларды алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғастыруды жоспарлап отыр. Бірлігі жарасқан, ынтымағы бекем ұжым ғана сапалы білім беру мен ғылымды дамыту жолында жоғары нәтижелерге қол жеткізе алады.
Табиғат аясында өткен бұл тимбилдинг факультет ұжымының ұйымшылдығын тағы бір мәрте айқындап, әрбір қатысушыға ерекше көңіл күй, тың серпін және жаңа оқу жылына деген зор шабыт сыйлады.
Деканның әлеуметтік-тәрбие жөніндегі орынбасары Басығараев Жандос Махабатович


Басқа жаңалықтар