Ұлттық руханиятқа қызмет еткен қайраткер — ҚазҰУ

91ý

Ұлттық руханиятқа қызмет еткен қайраткер

3 шілде 2026
Ұлттық руханиятқа қызмет еткен қайраткер

Қазақ педагогикасы мен ұлттық білім беру жүйесінің тарихында өзінің терең ғылыми ізденісі, іргелі еңбектері және мемлекетшіл ұстанымымен дараланған тұлғалардың бірі – педагогика ғылымы­ның докторы, профессор, ҚР Мемле­кет­тік сыйлығының лауреаты Асқарбек Құсайынов.

ылым жолы кездейсоқ таң­далатын кәсіп емес, ол – ұлт ал­дындағы жауапкершілікті жүрекпен сезінуден бастала­тын тағдырлы миссия. Асқар­бек Қабыкенұлының бүкіл са­налы ғұмыры дәл осындай биік мұраттарға қызмет етумен өрілді. Оның өмір жолына зер салғанда біз бір ғана ғалымның емес, тұтас ұлттық педаго­ги­калық ой-сана эволюциясының куә­сі болғандай әсер аламыз.

Семей өңірінің қасиетті топырағында дүниеге келген болашақ ғалымның ғылымға бет бұруы табиғи заңдылық еді. Өйткені ұлт руханиятының өзегі саналатын Абай елі қашанда терең ой мен кемел танымның бесігі болған. Қазақ ұлттық тех­никалық институтын тамамдап, ғы­лым мен педагогика сала­сы­на ерте араласқан Асқарбек Қабыкенұлы кәсіби қызметінің алғашқы кезеңінен-ақ білім беру жүйесінің теориялық және стратегиялық мәселелеріне ай­рықша ден қойды. 1976-79 жыл­дары Германиядағы Жо­ғары техникалық мектепте білім алып, неміс тілінде дис­сер­тация қорғауы оның ғылыми көкжиегінің кеңдігін, әлемдік білім кеңістігімен еркін ықпал­да­са алғанын көрсететін ма­ңыз­ды белес болды.

Ғалымның кейінгі ғы­лы­ми-пе­дагогикалық және ұй­ым­­­дас­ты­рушылық қызметі Қа­­­­­­­зақ­­­стан­дағы білім беру жүйе­­сінің қалыптасуы мен жаңғыру тарихымен тығыз са­бақтасып жатыр. Әсіресе тә­уел­­­сіздіктің алғашқы жыл­­­да­рындағы білім са­ла­сының күрделі кезеңінде Асқарбек Қабыкенұлы мем­ле­кет деңгейіндегі жауапты қыз­мет­­­тер­ді атқара отырып, ұлт­­тық бі­лім беру жүйесінің стра­те­гиялық бағыттарын айқындауға белсе­не атса­лыс­ты. ҚР Білім минис­тр­лігіндегі басшылық қыз­мет­тері, «Қазақ энци­кло­пе­диясы» Бас ре­дак­циясындағы, «Білім», «Мектеп» баспа­ла­рын­дағы еңбегі оның тек ғалым ғана емес, ұлттық ру­ханиятқа қызмет еткен ірі қай­раткер екенін айқын аңғартады.

Асқарбек Қабыкенұлының ғылыми мұрасын сөз еткенде, ең алдымен, Қазақстандағы са­лыстырмалы педагогика ғы­лы­мының қалыптасуы мен да­муына қосқан өлшеусіз үлесін ерекше атап өткен жөн. Ол – отандық педагогика ғы­лы­мын­да салыстырмалы педа­го­гика бағытының ғылыми негізін жүйе­леген санаулы ғалым­дар­дың бірі. Ғалым әр елдің білім беру жүйесін жай ғана сипаттап қоймай, олардың ішкі құрылым­дық заңдылықтарын, ұлттық ерек­шеліктерін, тарихи-әлеу­мет­тік негіздерін терең талдай отырып, елімізге тиімді білім беру модельдерін ұсынды. Бұл – ғылыми көрегендік пен стра­те­гиялық ойлаудың жарқын көрінісі.

Сонымен қатар профессор еліміздегі оқулық сапасын мо­ниторингтеу жүйесінің негізін қалыптастырған ғалым ретінде де кеңінен танылды. Оқулық – ұлт болашағын қалып­тас­ты­ратын рухани құрал десек, ға­­лым осы мәселені мем­ле­кеттік деңгейдегі маңызды ғылыми проблема ретінде қарастырды. Оның оқулық теориясы мен білім мазмұнына қатысты зерттеулері педа­го­гика ғылымының әдіснамалық қорын байытып қана қоймай, білім беру сапасын жетілдіруге бағытталған нақты ғылыми тұжырымдардың қалыптасуына ықпал етті.

Ғалымның жетекшілігімен жүргізілген шетелдік білім беру жүйелеріне қатысты зерттеулер еліміздегі білім реформа­ла­рының ғылыми негізделуіне елеулі әсер етті. Әлемдік тәжі­ри­бе мен ұлттық құнды­лық­тарды сабақтастыра отырып, отандық білім беру жүйесін жаңғыртудың тың үлгілерін ұсынуы Асқарбек Қабыкенұлы еңбектерінің стратегиялық маңызын арттыра түседі.

Асқарбек Құсайыновтың ғы­лымдағы тағы бір ірі еңбегі – ұлт­тық ғылыми тер­мино­ло­­гияны қалыптастыру ісіне қос­­қан үлесі. Ғалымның же­тек­шілігімен жарық көрген 31 томдық қа­зақша-орысша, орысша-қа­­зақша ғылыми са­­лалық тер­­­ми­нологиялық сөздіктер – тәуелсіз Қазақ­станның ғы­лы­ми-тілдік ке­ңіс­тігін қа­лыптас­тырудағы аса құнды еңбектердің бірі. Бұл тек термин жинағы ғана емес, ұлттық ғылым тілін жүйе­леуге бағытталған іргелі ин­теллектуалдық жоба еді. Ға­лымның бұл бағыттағы қызметі қазақ ғылымының әдіснамалық және тілдік негіздерін ны­ғай­туға қызмет етті.

Шынайы ғалым уақыттың соңынан ермейді, керісінше, уа­қыттың бағдарын айқын­дай­ды. Асқарбек Қабыкенұлының ғылыми және қоғамдық қыз­ме­тіне қарап отырып, осы ойдың ақиқаттығына тағы бір мәрте көз жеткіземіз. Ол қай кезеңде де білім мәселесіне жай ғана салалық проблема ретінде емес, ұлттың болашағын ай­қын­­­дайтын стратегиялық құн­ды­лық ретінде қарады. Сон­­дықтан оның еңбектері мен ғы­лыми тұ­жырымдары уақыт өткен сайын өзектілігін жоғалт­пай, қайта тереңдей түсуде.

Бүгінде 75 жасқа толып отырған Асқарбек Қабыкенұлы – тек белгілі ғалым ғана емес, бірнеше буын зерттеушілер мен педагогтердің ұстазы, ұлттық білім кеңістігінің кемел ойлы сарапшысы, қазақ пе­да­гогикасының абыройын ас­қақ­татқан көрнекті тұлға.

Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы аты­нан Асқарбек Құсайыновты ме­рейлі жасымен шын жүректен құттықтай отырып, зор ден­сау­лық, шығармашылық қуат, ұзақ ғұмыр және ғылыми ізде­ніс­теріне толағай табыс тілейміз. Ұлт руханияты мен білім ғы­лы­мының дамуына сіңірген өлшеусіз еңбегі әрдайым жо­ғары бағаланып, кейінгі ұрпаққа өнеге болып қала беретіні сөз­сіз.

Дархан Дәулетжанұлы,

Педагогика және білім беру менеджменті 

кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к.