Цифрлық экономика – заманауи мамандық — ҚазҰУ

91ý

Цифрлық экономика – заманауи мамандық

13 шілде 2026
Цифрлық  экономика – заманауи мамандық

2010 жылы Қазақ­стан Болон процесіне қаты­сып, Еуропалық жоғары білім беру кеңістігі (ЕПБО) елде­рі­нің тізі­мінде 48-ші орын­да тұр. 

Бүгінгі таңда Қазақ­стан­ның жоғары білім беру жүйесі Болон процесінің пара­ме­тр­лері тұр­ғы­сынан құрылымы төмен­де­гідей:

Бакалавриат – жоғары білім, оның білім беру бағдар­ла­­ма­лары тиісті мамандық бойынша «бакалавр» дәре­же­сін бере оты­рып, кадрлар даярлауға ба­ғытталған. Оқу мерзімі – 4 жыл.

Бірнеше жыл бұрын ма­ман­­дық пен ЖОО таңдаған кез­де мен үшін жай ғана диплом алу емес, қазіргі за­ман талабына сай нақты білім мен дағды­лар­ды меңгеру маңызды болды. Сол себепті менің таңдауым Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға және «Цифрлық экономика» ба­ғы­тына түсті. Бүгінде ци­фр­лық технологиялар банк са­ла­сынан бастап, мемлекеттік бас­қаруға дейін барлық ба­ғытты өзгертіп жатыр. Біз де­рек­тер, онлайн-сервистер және автоматтандыру дәуі­рін­де өмір сүріп жатырмыз, ал эко­номика IT шешім­де­рін­сіз мүм­кін емес. ҚазҰУ-да бі­лім ала отырып, таңдаған маман­ды­ғым­ның уақыт та­ла­бына толық сәйкес ке­ле­тініне көз жеткіздім. Біз тек клас­си­калық эконо­ми­калық пән­дер­ді ғана оқып қоймай, де­рек­терді тал­дау­ды, цифр­лық құралдарды пайда­ла­нуды, заманауи қаржылық технологияларды меңгеріп жатырмыз.

Менің кәсіби қалыпта­суым­да өндірістік тәжі­ри­бе­нің орны ерекше болды. Мен оны өз бетімше, банкке ба­рып таптым, себебі алған бі­лімімді нақты жұмыс ба­ры­сында тексергім келді. Бұл тәжірибе универ­си­тетте қалыптасқан дағ­ды­лар­дың қаншалықты маңызды еке­нін көрсетті. Операциялық үдерістермен жұмыс істеу, қаржылық де­рек­терді талдау, цифрлық банк жүйелерінің қызметін тү­сіну – мұның бәрі теория емес, күнделікті тәжі­ри­бем­нің бір бөлігіне айналды. 

ҚазҰУ студенттерге ең бас­­тысы – іргелі білім мен да­му­ға қолайлы орта береді. Мұн­да ақ­паратпен жұмыс іс­теуді, тал­да­малық ойлауды, шешім қабылдауды және жа­уап­­­кер­шіліктен қо­рық­пау­ды үй­ретеді. Университет за­ма­на­уи білімге жол ашады, ал одан әрі бәрі студенттің өзіне, оның ізденісі мен дамуға деген ұмтылысына бай­ла­нысты.

Студенттік кезең – тек ма­ман емес, тұлға ретінде қа­лып­тасатын уақыт. Төрт жыл ішінде мен мақсат қоюды, мүмкін­дік­терді іздеуді және алға ұм­ты­луды үйрендім. Бұл – өзін-өзі жүзеге асыруға барлық жағдай жасайтын университеттің үлкен еңбегі. Бүгін 4-курс студенті ретінде ҚазҰУ мен «Цифрлық эко­номика» ма­ман­дығын таң­да­ғаным кәсіби жо­лым­дағы ма­ңызды қадам бол­ғанына се­­німдімін. Бұл шы­нымен бола­шақ­қа қажетті білім.

Ал бүгін мамандық таңдау алдында тұрған талапкер­лер­ге айтарым: жаңа әрі перс­­пек­ти­валы бағыттардан қо­рық­па­ңыз­дар. Әлем өзге­ріп жатыр, экономика да бірге өзгеруде. Демек, цифр­лық кеңістікте жұ­мыс істеп, оны дамытуға дайын маман­дар қажет.

Экономикалық бағыттағы мамандарды даярлау міндеті сыни ойлау дағдыларын қалып­тас­т­ыру, салалық және өңірлік дең­гейлерде ор­нық­ты даму мақ­саттарын іске асыру тетігі­нің тиімділігін ба­ғалау, оңтайлы экономи­ка­лық ше­шім­дер табу болып сана­ла­ды. ЖОО-да оқы­ту мен кә­сіп­тік даярлаудың фор­мал­ды және бейресми түр­лері арқылы дайындық дең­гей­ін арттыру бағытында тұрақты даму мақсаттарын іске асыру, ондағы кафедра­лар­дың оқы­ту­шы-про­фес­сор­­лық құрамының және бо­лашақ түлектердің білік­ті­лігін арттыруды көздейді.

Жандос СМАҒҰЛ,

«Цифрлық экономика» 

мамандығының 4-курс студенті