- Басты бет
- Жаңалықтар
- «ҚазТрансОйл» АҚ өкілдері Қазақстан-Қытай бірлескен «Қашықтықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану» зертханасының ғылыми-зерттеу инфрақұрылымымен танысты.
«ҚазТрансОйл» АҚ өкілдері Қазақстан-Қытай бірлескен «Қашықтықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану» зертханасының ғылыми-зерттеу инфрақұрылымымен танысты.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан-Қытай бірлескен «Қашықтықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану» зертханасына жұмыс сапарымен «ҚазТрансОйл» АҚ өкілдері – «ҚазТрансОйл» АҚ Зерттеулер және әзірлемелер орталығы филиалының директоры және Стандарттар мен инновациялар бөлімінің бастығы келді.
Кездесу барысында қонақтарға зертхананың негізгі қызмет бағыттары, Жерді қашықтықтан зондтау, геоақпараттық жүйелер, ұшқышсыз авиациялық технологиялар және кеңістіктік деректерді өңдеу салаларындағы заманауи ғылыми әзірлемелер мен инновациялық технологиялар таныстырылды.
«ҚазТрансОйл» АҚ өкілдері зертхананың ғылыми-зерттеу инфрақұрылымымен, заманауи жабдықтарымен, сондай-ақ экологиялық мониторингке, қоршаған орта жағдайын талдауға, картографиялауға және қашықтықтан зондтау деректерін өңдеуде жасанды интеллект технологияларын қолдануға бағытталған қазіргі ғылыми жобалармен танысты.
