- Басты бет
- ылым
- Қазақстандық ғалымның сыбайлас жемқорлық табиғаты туралы зерттеуі Lund University зерттеу порталында ең көп оқылатын еңбектер қатарына енді
Қазақстандық ғалымның сыбайлас жемқорлық табиғаты туралы зерттеуі Lund University зерттеу порталында ең көп оқылатын еңбектер қатарына енді
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және бизнес жоғары мектебі, экономика кафедрасының доцент-зерттеушісі, PhD Динара Рахматуллаеваның 2025 жылы Лунд университетінде (Швеция) жарық көрген «Corruption in Context: Institutions, Infrastructure and Economic Development» атты кітабы халықаралық ғылыми ортада үлкен қызығушылық тудырды. Кітап дамушы қоғамдардағы сыбайлас жемқорлық құбылыстарын формальды және бейформальды институттардың өзара байланысы, инфрақұрылымдық даму және олардың экономикалық процестерге әсері призмасы арқылы кешенді талдауға арналған. ылыми қауымдастық еңбекпен мына сілтеме бойынша таныса алады: .

Монография 2025 жылдың қыркүйек айында Лунд университетінің ресми зерттеу порталында орналастырылған сәттен бастап 275 рет жүктелді. Арнайы бейінді академиялық басылым үшін мұндай қысқа мерзімдегі көрсеткіш Қазақстанда жүргізіліп жатқан зерттеулердің өзектілігі мен жоғары сұранысқа ие екендігін көрсетеді. Осы ғылыми-зерттеу сериясының жалғасы ретінде қазіргі уақытта автор Қазақстандағы институционалдық архитектураның бизнесті жүргізуге тигізетін әсерін зерттеуге арналған жаңа монографияны басып шығаруға дайындап жатыр.
ылыми-инновациялық&Բ;қызмет&Բ;жөніндегі&Բ;департамент
Басқа жаңалықтар