ылыми фестивальге қатысуға шақырамыз — ҚазҰУ

91ý

ылыми фестивальге қатысуға шақырамыз

22 шілде 2026
ылыми фестивальге қатысуға шақырамыз

Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің «Росатом» мемлекеттік корпорациясы және «Болашақ энергиясы» ұйымының қолдауымен өтетін ылыми фестиваль туралы ақпаратын жолдады.

ылыми фестиваль 2026 жылғы 30 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Астана, Өскемен және Алматы қалаларында ұйымдастырылады.

Фестиваль аясында дәрістер, шеберлік сабақтары, ашық пікірталастар, ғылыми квиздер және командалық зияткерлік ойындар өткізу жоспарланған. Іс-шараның негізгі тақырыптық бағыттары атом және ғарыш технологиялары, жаратылыстану-ғылыми пәндер, сондай-ақ қазіргі заманғы ғылым жетістіктерін қамтиды.

Фестивальге 7–11-сынып оқушылары, STEM бағыттары бойынша білім алатын студенттер, жас ғалымдар, ғылыми қызметкерлер және ғылыми қауымдастық өкілдері қатыса алады.

Осыған байланысты баршаңызды аталған фестиваль іс-шараларына белсенді қатысуға шақырамыз. Мұндай ғылыми алаңдар білім алушылар мен жас ғалымдардың заманауи ғылым жетістіктерімен танысуына, ғылыми ой-өрісін кеңейтуіне және заман талабына сай бәсекеге қабілеттілігін арттыруына мүмкіндік береді.

Қатысу мәселелері бойынша байланыс тұлғасы:
Логинова Анна Сергеевна
Тел.: +7 707 979 24 06

ылым және инновациялық қызмет жөніндегі департамент