- Басты бет
- ылым
- Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі дарынды жастарды қолдау мақсатында «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жариялайды
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі дарынды жастарды қолдау мақсатында «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жариялайды
Мемлекеттік сыйлыққа халықаралық және республикалық деңгейдегі байқаулар мен фестивальдердің лауреаттары, спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ жалпы қоғамды дамытуға ықпал еткен азаматтар үміткер бола алады.
Байқау «Әдебиет», «ылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада», «Халық шығармашылығы» атты 10 номинация бойынша өтеді.
Үміткерлерге арналған қағаз және электронды түрдегі құжаттар тізімі:
1) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алуға арналған тіркеу өтінімі;
3) өтінішхат пен сыйлық алуға ізденушінің жетістіктері туралы анықтама;
4) марапаттау дипломдарының, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері (болған жағдайда);
5) кандидаттың немесе кандидат туралы мақалалардың, жарияланымдардың көшірмелері (болған жағдайда);
6) банктік шоттың болуы туралы анықтаманың көшірмесі;
7) кандидаттың жетістіктерін растайтын материалдар (болған жағдайда).
Университет факультеттері байқауға қатысуға ұсынылған кандидатуралар құжаттарын 2026 жылдың 04 тамызына дейін ылым және инновациялық қызмет жөніндегі департаментіне (Ректорат ғимараты, 10-03 кабинет) қағаз түрінде өткізуі қажет.
Байланыс телефоны: 8 (727) 377-33-33, ішкі нөмір 16-62
Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың үлгісі төмендегі сілтемелер арқылы ұсынылған:
Байқауға қатысу үшін құжаттар 2026 жылғы 17 маусымнан - 17 қыркүйек аралығында (қоса алғанда) қабылданады. Құжаттың қағаз нұсқасын мына мекенжай бойынша тапсыру қажет: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» ғимаратының 14-кіреберісі. Электронды нұсқа daryn2026kz@gmail.com поштасы арқылы қабылданады.
ылым және инновациялық қызмет жөніндегі департаменті