Өндіріс пен білім беру жүйесінің ықпалдастығы — ҚазҰУ

91ý

Өндіріс пен білім беру жүйесінің ықпалдастығы

2 шілде 2026
Өндіріс пен білім беру жүйесінің ықпалдастығы

ҚазҰУ-дың Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының до­центтері Р.Рысқалиева, О.Пономаренко, Л.Бейсембаева және мен Ал­мат­ы қаласындағы «Цин-Каз» ЖШС томат пастасы, кетчуп және ма­ри­надтар өндіретін ірі қазақстандық кәсіпорнында өндіріс қыз­­мет­кер­лерімен кездесу өткізіп, дәріс оқыдық.

Аталған іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының бірі – «ТДМ 12: Жауапты тұтыну және өндіріс» бағытын жүзеге асыру аясында ұйымдас­ты­рыл­ды. Кездесудің негізгі мақсаты білім беру жүйесі мен өндіріс арасындағы өзара ықпалдастықты күшейту, тәжі­ри­бе алмасу және заманауи өндірістің талаптарына сай білікті мамандар даярлау мәселелерін талқылау болды.

Қазіргі таңда өндіріс пен білімнің тығыз байланысы экономиканың тұ­рақты дамуының басты фак­тор­ла­ры­ның бірі. Осыған байланысты жоғары оқу орындары теориялық біліммен қа­тар, практикалық дағдыларды да­мы­туға ерекше көңіл бөлуі тиіс. Мұндай ынты­мақ­тастық студенттердің өнді­ріс­тік тә­жірибеден өтуіне, нақты тех­но­логиялық процестермен танысуына және кәсіби құзыреттіліктерін арт­ты­руға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында өндіріс өкілдері мен оқытушылар арасында дуалды оқы­ту жүйесін дамыту, оқу бағдар­ла­ма­ла­рын өндіріс талаптарына бейім­деу, сон­дай-ақ ғылыми зерттеулердің нәти­желерін өндірісте қолдану мә­се­лелері кеңінен талқыланды. Бұл өз кезегінде ғылым, білім және өндіріс интегра­циясын нығайтып, инно­ва­ция­лық тех­но­логияларды енгізуге жол ашады.

Іс-шара аясында қатысушыларға мынадай тақырыптар бойынша дә­ріс ұсы­нылды: «Қызанақты өсіру тех­­но­логиясы», «Қызанақтың пай­далы қа­сиет­­­тері», «Томат өнімдерінің ку­­­­ли­нар­лық қолданылуы», «Ашық жерде қызанақ өсіру ерекшеліктері». Дәріс барысында өндірістік шикізатты дұрыс таңдау, оның сапасын арттыру, сақтау және өңдеу технологиялары, сон­дай-ақ экология­лық таза өнім өн­дірудің заманауи тәсілдері жан-жақты қарастырылды.

Аталған іс-шара білім, ғылым және өндіріс арасындағы байланысты ны­ғай­туға, бәсекеге қабілетті мамандар даяр­лауға және тұрақты даму мақ­сат­тарына сәйкес жауапты өндірісті да­мытуға бағытталған маңызды қадам бол­ды. Ал­дағы уақытта осындай ын­ты­мақ­тастықты кеңейту, жаңа серік­тес­тіктер орнату және тәжірибеге ба­ғытталған оқытуды дамыту өзекті бо­лып қала береді.

Бейқұт БАЛҒЫШЕВА,

Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының доценті