Ынтымақтастық меморандумына қол қойылды — ҚазҰУ

91ý

Ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

27 шілде 2026
Ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

Таяуда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары медицина мектебінің хирургия кафедрасы мен Genesis Care (Мадрид, Испания) клиникасы арасында ынтымақтас­тық туралы мемо­ран­думға қол қойылды.

Университет тарапынан ме­моран­дум­ға Медицина және денсаулық сақтау жоғары мек­тебінің хирургия кафедрасының меңгерушісі, қауым­дас­­тырыл­ған профессор Қарлығаш Тә­жібаева, ал Genesis Care клиникасы тарапынан құжатқа радиациялық онколог дәрігер, Мадридтің Комплутенсе уни­вер­ситетінің профессоры Майя Джугашвили қол қойды.

Меморандум хирургия, он­­кология және онкогинекология салаларындағы халық­ара­лық ынтымақтастықты да­­­мы­ту­ға, бір­лескен мульти­дис­ци­п­ли­нар­лық консилиумдар (MDT/MDG) өткізуге, кә­сіби тәжірибе ал­­масуға және диагностика мен ем­деудің заманауи әдістерін енгізуге бағытталған.

Қарлығаш Нартбай­қы­зы­ның айтуынша, ынтымақтастық ая­сында ин­­терн­­дер, резиденттер және жас мамандарды оқы­туды ұйымдастыру, ака­­демиялық ұтқырлық бағдарла­ма­­­ларын дамыту, бірлескен ғы­­­лыми зерттеулер жүргізу, халықаралық ғылыми басылымдарда жарияланымдар дайындау, сондай-ақ он­­ко­ло­гиялық бейін­дегі пациенттерге медициналық көмек көрсету сапасын жетілдіруге бағыт­тал­ған білім беру және клиникалық жобаларды іске асыру жоспарлануда.

Гүлзат НҰРМОЛДАҚЫЗЫ