AI-Sana бағдарламасы: Жасанды интеллект дәуіріне жаңа қадам — ҚазҰУ

91ý

AI-Sana бағдарламасы: Жасанды интеллект дәуіріне жаңа қадам

29 шілде 2026
AI-Sana бағдарламасы: Жасанды интеллект дәуіріне жаңа қадам

Соңғы кездері елімізде AI-Sana бағдарламасы туралы жиі айтыла бастады. Бұл қандай бағдарлама, мақсаты не? Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында оның рөлі қандай болмақ? Осы және өзге де сауалдарды «Qazaq Unıversıtetı» газетінің тілшісі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ақпараттық технологиялар және жасанды интел­лект факультеті деканының әлеуметтік-тәрбие жұ­мы­­сы жөніндегі орынбасары, PhD Гүлнұр Ғазизқызына қой­­ған еді. Сол әңгімені бүгін оқырман назарына ұсына­мыз. 

– AI-Sana бағдарламасы туралы қазір жиі айтылып жүр. Бұл бастаманың негізгі мақсаты қандай?

– AI-Sana – елімізде жа­­санды интеллектіні дамытуға бағытталған ауқымды бағдар­ла­ма. Оның басты мақсаты – жасанды интеллект бағытында білікті мамандар даярлау, ғылыми зерттеулерді қолдау және инновациялық стартаптарды дамыту арқылы біртұтас экожүйе қалыптастыру. Бұл бастама білім беру, ғылым және кәсіпкерлік салаларын өзара байланыстырып, еліміздің тех­но­логиялық әлеуетін арттыруды көздейді. 

– Сіздіңше, бағдарла­ма­ның жүзеге асуына қандай алғышарт негіз болды?

– Бүгінде әлем цифрлық технологиялардың қарқынды даму кезеңін бастан өткеруде. Жасанды интеллект экономикадан бастап, білім беру, медицина, өнеркәсіп және мем­ле­к­еттік басқару салаларына дейін кеңінен енгізілуде. Осындай жағдайда Қазақстан да жаңа технологияларды игеруге және осы бағытта бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға ерекше көңіл бөліп отыр.

Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект саласы кадрларын даярлау мәселесіне басымдық беріп, AI-Sana бағдарламасын ке­­зең-кезеңімен іске асы­ру­­дың ма­­ңыздылығын атап өтті. Пре­­­­­зиденттің айтуын­ша, бұл бағ­дар­лама оқыту, зерттеу және стар­таптарды дамыту бағыт­та­рын біріктіретін сер­пін­ді экожүйе қалыптастыруы тиіс.

AI-Sana бағдарламасы кө­­лемі мен қамту деңгейі бой­­ынша еліміздегі ең ірі бас­­тамалардың бірі саналады. Бағдарлама аясында шамамен 650 мың студентті қамту жоспарланған. Бұл жастардың жасанды интеллект негіздерін меңгеріп, заманауи цифрлық технологиялармен жұмыс іс­теуіне мүмкіндік береді.Со­нымен қатар бағдарлама шеңберінде 1500 жасанды ин­теллект жобасын акселе­ра­циялау көзделген. Бұл деге­ні­міз – студенттер мен жас ғалымдардың инновациялық идеяларын нақты жобаларға айналдырып, олардың нарыққа шығуына қолдау көрсету.

– AI-Sana аясында білім мен ғылымға қандай мүмкіндік беріледі?

– Бағдарлама жоғары оқу ор­ындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарының әлеуетін арт­тыруға ықпал етеді. Студенттер жасанды интеллект технологияларын теориялық тұрғыда ғана емес, тәжірибелік деңгейде де меңгеруге мүм­кін­дік алады. Зерттеушілер жаңа ғылыми жобаларды жү­зеге асырып, халықаралық ғылыми қауымдастықпен байланыстарын нығайтады. Бұл өз кезегінде отандық ғылыми зерттеулердің сапасын арттырып, инновациялық өнімдердің пайда болуына жол ашады. Университеттерде жаңа зертханалар құрылып, заманауи технологиялық инфрақұрылым дамиды.

– Ал стартап жобалар үшін маңызы қандай?

– Бүгінде технологиялық стар­таптар экономиканың ма­ңызды қозғаушы кү­ші­не ай­налып отыр. AI-Sana бағ­дар­ламасы жас кәсіпкерлерге өз идеяларын дамытуға, инвестиция тартуға және кәсіби мен­торлардың қолдауына ие бо­луға мүмкіндік береді. Бағ­дарлама аясында құрылатын экожүйе стартаптардың тек пайда болуына ғана емес, олардың тұрақты дамуына да жағдай жасайды. Бұл жаңа жұмыс орындарының ашылуына және еліміздің ин­­но­ва­циялық экономи­ка­сының дамуына оң әсер етеді.

– Сіз бағдарламаның алдағы нәтижесін қалай бағалайсыз?

– Бұл бастама Қазақ­стан­­ның технологиялық да­муы­на жаңа серпін береді деп сенеміз. Жасанды интеллект саласындағы білім мен ғылымды дамыту арқылы еліміз халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мамандар даярлай алады. Сонымен қатар инновациялық жобалардың саны артып, цифрлық эко­но­миканың дамуына тың мүм­кіндіктер ашылады. AI-Sana бағдарламасы – тек білім беру жобасы ғана емес, ол ғылым, технология мен кәсіпкерлікті тоғыстыратын стратегиялық бас­тама. Бағдарламаның та­­быс­ты жүзеге асуы Қазақ­стан­­ның жасанды интеллект саласындағы жетекші елдердің қатарына қосылуына негіз болмақ.

– Білім алушыларға берер пайдасы қандай?

– Бұл жобаның басты мақ­саты – жастардың жасанды ин­­теллект саласындағы білі­мін жетілдіру және цифрлық дағ­дыларын қалыптастыру. Бұл бастама университеттің, әсіресе ақпараттық техно­ло­гиялар және жасанды ин­­тел­­лект факультетінің сту­денттері үшін үлкен мүмкіндікке ай­налып отыр. Бағдарлама ая­сында студенттер бірнеше кезеңнен тұратын курстардан өтіп, теориялық білім алумен қа­­тар, тәжірибелік жобалар жа­сап, өз идеяларын жүзеге асы­руға мүмкіндік алады. Мұн­­дай жобалар олардың шығармашылық қабілетін арттырып қана қоймай, за­манауи технологиялармен жұмыс істеу тәжірибесін қалыптастырады.

Бағдарлама бірнеше кезең­нен тұрады және әр кезең өз­­ара сабақтасып жатыр. Бі­­рін­ші кезеңде 100 мың сту­дентті оқыту көзделген. Бұл бағытта қатысушылар кә­­сіпкерлік дағдыларды мең­геріп, жасанды интеллект негізіндегі бағдарламалау мен машиналық оқыту технология­ларын игереді. Басты мақсат – жастарға тек теориялық білім беру ғана емес, оларды заманауи технологияларды тәжірибеде қолдана алатын деңгейге жеткізу.

Екінші кезеңде білім ал­­ған түлектердің арасынан кә­­сіпкерлік деңгейі жоғары жастар іріктеліп, бизнес-акселерация бағдарламасына қатысады. Бұл кезеңде қа­ты­су­шылар өз жобаларын же­тіл­ді­ріп, нарық сұранысына бей­­ім­­дейді. Сонымен қа­тар Astana Hub алаңында тәжірибелі мамандардың қолдауына ие болып, стартаптарын дамытуға мүмкіндік алады. Бағдарлама аясында 60 мың түлекті бизнес-акселерация кезеңінен өткізу жоспарланған.

– AI-Sana-ның халықара­лық серіктестік бағыты туралы не айтасыз?

– Бағдарламаның ма­ңыз­ды ерекшеліктерінің бірі – әлемдік технологиялық көшбас­шы­лар­мен арада орнаған стра­те­гия­лық серіктестік. Бүгінде Huawei, Coursera, Google, NVIDIA және Astana Hub секілді беделді ұйымдармен бірлескен жұ­­мыс­тар жүргізілуде. Бұл се­рік­тес­тіктер студенттердің ха­­­­­лық­­­­аралық деңгейдегі білім ресурстарына қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде 440 мыңнан астам студент жасанды интеллект саласы бойынша халықаралық сертификаттарға ие болды. Мұндай сертификаттар жас­тар­дың кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді. Сонымен бірге қазақстандық жас­тар­дың әлемдік цифрлық ор­­таға еркін кірігуіне жол аша­ды.

– Бағдарламаның үшінші кезеңі туралы толығырақ айтсаңыз. Оның ерекшелігі неде?

– Үшінші кезеңде бағ­дар­лама аясында қалыптасқан үздік жобалар мен жасанды интеллект агенттерін халық­ара­лық деңгейге шығару көз­деледі. Бұл бағыт «Масштабтау және Alem.AI платформасы» арқылы жүзеге асырылады. Алдымен қатысушылар пре-ак­селерация кезеңінен өтіп, жо­баларын бағалау мен да­­йындау жұмыстарын жүр­гі­зеді. Кейін акселерация ке­­зеңінде менторлық қол­дау, инфра­құ­ры­лымдық мүм­кіндіктер және кәсіби сүйемелдеу көрсетіледі. Ал пост-акселерация ке­­зең­ін­­­де жобаларды нарыққа шығару, инвесторлар тарту және ха­­лық­аралық аренада таныс­ты­­ру жұмыстары қолға алы­­нады. Alem.AI платформасы осы бас­­­­­­­та­малардың негізгі алаңы­­­­­­­­на айналады. Мұнда перс­­­пек­ти­валық жобалар ор­­на­­лас­­ты­ры­лып, олардың қар­­­­­­­жы­­ландырылуы мен ау­­қы­мын кеңейтуге жағдай жа­са­лады. Бұл өз кезегінде отандық ци­­фр­­лық өнімдердің халық­ара­лық нарыққа шығуына серпін бе­реді.

– AI-Sana-ның ел бола­ша­­ғына қосар үлесін қалай бағалайсыз?

– Қазіргі таңда жасанды ин­теллект технологиялары әлемдік экономиканың негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналып отыр. Сондықтан жастардың осы салада сапалы білім алуы – уақыт талабы. Бұл бағдарлама студенттерге тек жаңа технологияларды меңгеруді ғана емес, сонымен қатар инновациялық ойлау мәдениетін қалыптастыруды мақсат етеді. Бағдарлама нәтижесінде елімізде жасанды интеллект саласында білікті мамандардың жаңа буыны қалыптасады. Олар ғылымда, өндірісте, бизнесте және мемлекеттік басқару жүйесінде заманауи шешімдерді енгізуге үлес қосады. Ең бастысы, жас­тардың идеялары нақты жо­баларға айналып, ел эко­номикасының дамуына қызмет етеді.

Гүлзат НҰРМОЛДАҚЫЗЫ