Қытайлық жастарға ҚазҰУ-дың ғылыми орталықтары таныстырылды — ҚазҰУ

91ý

Қытайлық жастарға ҚазҰУ-дың ғылыми орталықтары таныстырылды

28 шілде 2026
Қытайлық жастарға ҚазҰУ-дың ғылыми орталықтары таныстырылды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Қытайдағы Чжэцзян университетінің жас ғалымдары, студенттері арнайы келіп, оқу ордасының қызметімен танысты.

Шетелдік білім алушы жастарға университет базасындағы ғылыми орталықтар мен зертханалардың жұмысы көрсетілді. Атап айтқанда жастар Суперкомпьютер, «Farabi HUB», Жерді қашықтықтан зондтау орталығында болып, ЖОО ғалымдарының жетекшілігімен жүзеге асырылып жатқан озық инновациялық жобалар туралы жан-жақты мәлімет алды.

Сапардың басты мақсаты — қытайлық студенттерді ҚазҰУ базасындағы жасанды интеллект бағытындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен таныстыру, екі елдің академиялық қауымдастығы арасындағы тәжірибе алмасуды арттыру және болашақта бірлескен ғылыми бастамаларды қолға алу.

Осы орайда делегация мүшелеріне Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетіндегі ЖИ бағытындағы зертханалардың жұмыс нәтижелері таныстырылды. 

Чжэцзян университеті – Қытай Халық Республикасының жетекші зерттеу университеттерінің бірі. Жоғары оқу орны  жасанды интеллект, робототехника және ақпараттық технологиялар, энергетика, ауыл шаруашылығы  салаларындағы зерттеулерді белсенді түрде дамытуда. 1897 жылы негізі қаланған оқу ордасында қазіргі таңда 70 мыңға жуық студент білім алады. Бүгінге дейін университетті 700 мыңнан астам түлек бітірген. 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі