ҚазҰУ халықаралық ұйыммен келіссөз жүргізді — ҚазҰУ

91ý

ҚазҰУ халықаралық ұйыммен келіссөз жүргізді

29 шілде 2026
ҚазҰУ халықаралық ұйыммен келіссөз жүргізді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Cintana Education халықаралық білім беру ұйымының президенті Р.Ф. Рик Шангроумен кездесті. 

Cintana Education – АҚШ-тың Темпе қаласында орналасқан бүкіл әлем бойынша университеттермен стратегиялық серіктестікті дамытуға маманданған халықаралық білім беру ұйымы.

Тараптар оқыту сапасын әлемдік стандарттарға сай жетілдіру, академиялық бағдарламаларды жаңғырту және жаһандық білім беру кеңістігімен интеграцияны күшейту мәселесін талқылады. Бұған қосымша студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын арттыру, қос дипломды бағдарламаларды ашу және ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту бағыттары қарастырылды.

Құрметті қонақ халықаралық ұйымның атқарған жұмысын таныстырып, болашақтағы жоспарымен бөлісті. Өз сөзінде Р.Ф. Рик Шангроу ұйым Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп жұмыс істеуге және ортақ бастамаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді. 

Оқу ордасының басшысы Жансейіт Түймебаев ҚазҰУ-дың халықаралық әлеуетін одан әрі дамыту бағытында іске асырылып жатқан жұмыстардың нәтижесі туралы мәлімет берді. 

Кездесу соңында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі