ҚазҰУ-дың Ыстықкөлдегі пансионатында жөндеу жұмыстары жүргізілді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ыстықкөлдегі спорттық-сауықтыру кешенінде инфрақұрылымын жаңарту бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Әкімшілік және тұрғын үй ғимараттарында ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Жұмыс барысында қабырғалар қайта сыланып, бүлінген тұстары қалпына келтірілді, сырлау және әрлеу жұмыстары орындалды.

Үш тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, олардың сыртқы және ішкі келбеті толықтай жаңартылды. Ғимараттардың қасбеті мен іргетасы сырланып, терезелер, кіреберіс және ішкі есіктер ауыстырылды.


Электрмен жабдықтау және ішкі жарықтандыру жүйелері жаңғыртылып, жаңа жарық шамдары орнатылды. Керме төбелер жасалып, еденге керамикалық плитка мен кілем төсеніштері төселді. Жаңа сантехникалық жабдықтар мен Ariston су жылытқыштары орнатылды. Бөлмелер жаңа жиһаздармен, кереуеттермен, перделермен және өзге де интерьер элементтерімен жабдықталды.


Жүргізілген жұмыстардың барлығы университет қызметкерлері мен білім алушыларының демалысына қолайлы әрі заманауи жағдай жасауға бағытталған.








Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар