- Басты бет
- Жаңалықтар
- Алматы қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшылығы Қазақстан–Қытай бірлескен зертханасының қызметімен танысты
Алматы қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшылығы Қазақстан–Қытай бірлескен зертханасының қызметімен танысты
2026 жылғы 30 шілдеде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қазақстан–Қытай бірлескен «Қашықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану» зертханасында&Բ;Алматы қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшылығымен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар сәулет-құрылыс бақылауы мен қалалық инфрақұрылымды басқару саласына заманауи геокеңістіктік технологияларды енгізуге бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру және ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктері&Բ;талқыланды.&Բ;
.jpeg)
Әсіресе қалалық ортаның цифрлық егізін (Digital Twin) әзірлеу, құрылыс процестерін басқару мен бақылау жүргізудің интеллектуалды жүйелерін құру, сондай-ақ Алматы қаласының көшкін қаупі бар аумақтарын бағалау және мониторинг жүргізуде Жерді қашықтан зондтау, геоақпараттық жүйелер және жасанды интеллект технологияларын қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жұмыс кездесуі қорытындысында Басқарма өкілдері зертхананың қызметімен, оның ғылыми-зерттеу инфрақұрылымымен, заманауи әзірлемелерімен және Жерді қашықтан зондтау, геоақпараттық жүйелер, жасанды интеллект және ұшқышсыз авиациялық технологиялар салаларында жүзеге асырылып жатқан ғылыми жобаларымен танысты.
Басқа жаңалықтар