Cintana Education президенті Қазақстан–Қытай бірлескен «Қашықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану» зертханасының қызметімен танысты — ҚазҰУ

91ý

Cintana Education президенті Қазақстан–Қытай бірлескен «Қашықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану» зертханасының қызметімен танысты

29 шілде 2026
Cintana Education президенті Қазақстан–Қытай бірлескен «Қашықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану» зертханасының қызметімен танысты

2026 жылғы 29 шілдеде Cintana Education президенті Р. Ф. Рик Шангроу ресми сапармен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне келді. Сапар аясында құрметті қонақ Қазақстан–Қытай бірлескен «Қашықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану» зертханасының жұмысымен танысты.

Кездесу барысында зертхана қызметінің негізгі бағыттары, жүзеге асырылып жатқан ғылыми жобалар, сондай-ақ Жерді қашықтан зондтау, геоақпараттық жүйелер (ГАЖ), жасанды интеллект және ұшқышсыз авиациялық технологиялар салаларындағы заманауи әзірлемелер таныстырылды.

Р. Ф. Рик Шангроу Қазақстан–Қытай бірлескен зертханасының ғылыми әлеуетіне жоғары баға беріп, онда жүргізіліп жатқан зерттеулердің халықаралық деңгейін, олардың практикалық маңыздылығын және заманауи геокеңістіктік технологияларды дамытуға қосып отырған үлесін атап өтті. Сонымен қатар ол зертхананың халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтудағы және жоғары білікті мамандар даярлаудағы маңызды рөлін ерекше атап өтті.

Сапар барысында тараптар геокеңістіктік технологиялар, ғылыми зерттеулер және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.