ҚазҰУ – жастардың арманын орындайтын орта — ҚазҰУ

91ý

ҚазҰУ – жастардың арманын орындайтын орта

7 тамыз 2026
ҚазҰУ – жастардың арманын орындайтын орта

Жастық шақтың ең маңызды бір сәті – өз жолыңды таңдау. Қай оқу орнына барамын, қандай маман боламын, болашағым қандай болады  деген сұрақтар әрбір түлектің жүрегінде жүреді. Мамандық таңдауда қателеспеу үшін, өмірде берік тұрақ тауып, мамандықты жан-тәніңмен сүйіп оқу үшін дұрыс орта керек. Сол ортаның бірі – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.

ҚазҰУ – бұл жай ғана оқу ор­дасы емес. Бір ғасырға жуық уақыт бойы Қазақстанның зияткерлік өмірінің өзегі болып келе жатқан, елдің ғылыми-білім саласының өркендеуіне ерекше үлес қосып отырған академиялық орта. 

Университеттің  басты бай­лығы – білім сапасы. ҚазҰУ-да оқу –дәріс тыңдау ғана емес, терең ойлауды, сыни талдауды және өз пікіріңді дәлелдей алуды меңгеру. Мұнда оқыту­шы-профессорлар студентті «тыңдаушы» ретінде емес, бо­­лашақ әріптес ретінде қа­­был­дайды. Мұндағы тә­жі­рибелі ұстаздар, өз саласында жылдар бойы зерттеу жүргізген ғалымдар, аудиторияда олар күрделі теорияны жанды мы­сал­дармен, нақты деректермен байланыстыра отырып жеткізеді.

Мен өз тәжірибемнен айтар болсам,  экономика факульте­тін­де оқу барысында бізге тек формулалар мен теориялар ғана емес, нақты кейстер, Қа­зақстан экономикасының даму тенденциялары, жаһан­дық нарықтың ерекшеліктері кең ауқымда айтылады. Оқы­ту­шылар дипломдық жобаны жазуға ертеден дайындайды, зерттеушілік дағдыны дамытады. Нәтижесінде студент диплом алғанда ғана емес, үшінші курстан-ақ өзін кәсіби маман ретінде сезіне бастайды.

ҚазҰУ-дың тағы бір ерекше­лігі – ғылыми жобаларға тартылу мүмкіндігі. Университет жыл сайын ғылыми-зерттеу жұмыстарына қомақты қаражат бөледі. Зертханалар, ғылыми орталықтар, стартап-инкубаторлар – осының бәрі студент­тің қолы жетерліктей ашық. Әрбір факультетте жұмыс іс­тей­тін ғылыми топтарға студенттер бірінші курстан бастап қосыла алады.

Жыл сайын 500-ден астам студент республикалық және халықаралық ғылыми кон­фе­рен­цияларға қатысады. Scopus және Web of Science базаларында индексделген журналдарда ҚазҰУ авторларының мыңнан астам мақаласы жарық көреді. Университеттің патент қоры да жыл сайын өсіп отыр. Бұл – ғылым кеңістігінде ҚазҰУ-дың тек оқытушы ғана емес, зерттеуші және жаңашыл мекен екенінің айғағы.

Erasmus+ бағдарламасы аясында ҚазҰУ студенттері Германия, Франция, Испания, Польша, Чехия және басқа Еуропа елдерінің универси­тет­терінде бір немесе екі семестр бойы оқуға мүмкіндік алады. Соңғы үш жылда 400-ден астам ҚазҰУ студенті осы бағдарлама арқылы шетелде білімін жал­ғастырды. Еуропалық серіктес уни­верситеттер қатарында Варшава университеті, Гумбольдт университеті, Барселона автономды университеті сияқты танымал оқу орындары бар.

Халықаралық бағдарла­ма­­лар тек шетелде оқу мүм­кін­­ді­гімен шектелмейді. Уни­­­­­­­­вер­­ситетте шетелдік студенттер де білім алады, бүгінде 50-ден астам елден 7000-ға жуық шетелдік жас ҚазҰУ-дың студенті атанып отыр. Бұл мультимәдениетті орта – тіл­дерді, түрлі мәде­ниеті, көз­қарастарды тану мүм­кіндігі. Кампустың өзі ша­ғын бір ха­лықаралық қа­ла­ға ұқсайды.

ҚазҰУ кампусы – бұл тек оқу корпусы мен кітапхана ғана емес. Мұнда заманауи спорт кешені, шығармашылық орта­лық­тар, дебат клубы, волон­тер­лік қозғалыстар, КВН ко­­ман­­далары, стартап-инкубатор, психологиялық қолдау орталығы жұмыс істейді. 

Жыл сайын өтетін «Наурыз», «Жас ғалым», «Студент жылы» іс-шаралары мыңдаған жас­тар­ды бір алаңда жинайды. Кәсіби клубтар – инвестиция клубы, маркетинг клубы, IT-клуб, Model UN – болашақ маманның кәсіби ортасына кі­руіне жол ашады. Бұл тәжі­ри­бе – болашақта кез келген ұжым­да жетекші бола алу дай­ындығы.

Жұмысқа орналасу мә­селе­сін­де де ҚазҰУ түлектері көп қиналмайды. Алған сапалы білімінің арқасында жұмысқа жылдам орналасады. Жыл сайын өтетін Career Fair жәр­мең­кесіне Kaspi Bank, Halyk Bank, McKinsey, KPMG, «Са­­мұрық-Қазына» және басқа көп­теген ірі жұмыс беруші қа­ты­сады.

Қорытындылай келе айтарым, арман дұрыс ортада ғана жүзеге асады. ҚазҰУ – сол ортаның үлгісі. Мұнда әрбір студентке білімін тереңдетуге, ғылыммен айналысуға, жетекші болуға жағдай жасалған. Университет жастарды тек диплом иесі ретінде емес, ойлана алатын, өз еліне қызмет ете алатын тұлға ретінде тәрбиелейді.

Фараби университеті – уа­қыт сынынан өткен, беделін сақтаған, үнемі жаңарып отыр­ған білім ордасы. Оның түлек­те­рі арасында лауазымды бас­шылар, ғалымдар, кәсіпкер­лер, суретшілер, түрлі маман­дық иелері бар. 

Мен осы университеттің студенті ретінде сенімді түрде айтарым: ҚазҰУ-дың дәлізінен өткен сайын, дәрісті тыңдаған сайын, жобаға қатысқан сайын өзімнің рухани әрі кәсіби дең­гейде өсіп жатқанымды се­­зі­немін. Бұл сөз ғана емес, нақ­ты нәтиже. Ал нәтиже – ма­­ман­дық­қа деген сенім, бола­шаққа деген үміт.

Егер сіздің арманыңыз биік, асқақ болса, онда ҚазҰУ – сіздің таңдауыңыз. Мұнда арман тек арман күйінде қалмайды, нақты болашаққа айналады. Ал болашақ бүгін оқу орнын дұрыс таңдаудан басталады.

Әсел ОРАЗЫМБЕТОВА, 

«Экономика» мамандығының 4-курс студенті