Ректор жатақханалардағы жөндеу жұмыстарын тексерді — ҚазҰУ

91ý

Ректор жатақханалардағы жөндеу жұмыстарын тексерді

17 тамыз 2026
Ректор жатақханалардағы жөндеу жұмыстарын тексерді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев қалашықтағы жатақханаларды аралап, ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты. 

Студенттер үйін аралау барысында оқу орнының басшысы ғимараттардың жалпы ахуалын, студенттерге жасалып жатқан тұрмыстық жағдайларды және жөндеу жұмыстарының сапасын тексерді. Жансейіт Түймебаев бөлмелер мен дәліздердің жай-күйіне назар аударып, анықталған мәселелерді жедел шешу бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берді.

 

Қазіргі уақытта университет қалашығындағы барлық жатақханаларда жаңа оқу жылына дайындық аясында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Студенттер үйінің сыртқы қасбеті жаңартылып, барлық бөлменің қабырғалары қайта сыланып, әрленді. Фойелердегі және бөлмелердегі линолеум төсеніштері толық ауыстырылуда. Су құбыры мен кәріз жүйесі монтаждалып, инженерлік, санитарлық-техникалық жабдықтар жаңартылды. 

Жансейіт Түймебаев жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылы басталмай аяқталуы қажет екенін тапсырып, білім алушы жастардың қауіпсіз әрі жайлы ортада тұруын қамтамасыз ету маңызды екенін айтты. Сондай-ақ өз сөзінде ректор жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізуді міндеттеді.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі