Қазақстанның жоғары оқу орындарының дуалды оқыту.
ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында жоғары оқу орындары мен кәсіпорындар арасында кадрларды оқыту мәселелерінде өзара іс-қимылды жолға қою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Сонымен қатар ; “Дуалды оқыту тау-кен ісі, энергетика, IT, электр техникасы, теміржол көлігі, телекоммуникациялар, цифрлық технологиялар, ресурстарды өндіру және өңдеу бағыттарын қамтиды”
Дуалды оқыту жүйесі — бұл құрғақ теория мен нақты өндірістің арасындағы алшақтықты жоятын заманауи кәсіби білім берудің ең тиімді моделі және өндірісті ұштастыратын ең тиімді жүйе. Ол экономиканың тірегі саналатын техникалық және цифрлық салаларды заманауи, дайын кадрлармен қамтамасыз етеді.
Дуалды оқыту бұл салаларды қамтуы – өте дұрыс әрі заман талабына сай шешім. Теория мен тәжірибені қатар ұштастыру студенттерге жұмыс орнында нақты дағды алуға көмектеседі. Бұл экономиканың маңызды салаларын білікті кадрлармен қамтамасыз етеді. Бизнес пен оқу орындары арасында тығыз байланыс орнату әрқашан оңай емес.
Студенттер оқу кезінде зауыт пен компанияларда нақты жұмыс істейді.
Түлектер оқуды бітірген соң бірден жұмысқа тұра алады және еңбек өтілімен қамтылады.
Өндіріс талабына сай дайын кадрлар шығады. Ірі кәсіпорындар өздеріне қажетті кадрларды мақсатты түрде өсіреді.
Дуалды оқытудың маңыздылығы үш жаққа бірдей тиімді теңгерімді жүйе құруында. Ол мемлекет пен экономика үшін, студент үшін және жұмыс беруші кәсіпорын үшін стратегиялық маңызға ие.
Дуалды оқыту — бұл жай ғана білім беру форматы емес, бұл — елдің адам капиталын дамытуға, жұмыссыздықты азайтуға және отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған стратегиялық инвестиция.
Филология факультетінің,
«Шет тілдер» кафедрасының аға оқытушысы Балгабекова Р.Н.