ҚазҰУ-да Олимпиадаға қатысушылардың құрметіне флешмоб өтті — KazNU

91ý

ҚазҰУ-да Олимпиадаға қатысушылардың құрметіне флешмоб өтті

27 August 2016
ҚазҰУ-да Олимпиадаға   қатысушылардың құрметіне флешмоб өтті

ҚазҰУ жастары өздерінің чемпион замандастарын мақтан тұтады, себебі Дмитрий Қазақстанның спорт тарихындағы жүзуден алғашқы Олимпиада медалін жеңіп алса, Елдос дзюдодан күміс жүлдені қанжығасына байлады.

«Асқан дарындылық пен қажырлы еңбектің арқасында біздің студенттер үлкен жеңіске ие болды. Рио-де-Жанейрода олардың құрметіне Қазақстанның әнұраны орындалды!», – деді ҚазҰУ жастар ұйымы комитетінің төрайымы Айсұлу Ерниязова.

Жақын арада Дмитрий мен Елдосты өздері оқитын университет қабырғасында салтанатты түрде құттықтайды.

Бұған дейін Алматы қаласының әуежайында ҚазҰУ-лық жанкүйерлер ыстық ықыласпен «Баландин – біздің қаһарман!», «Елдос – жарайсың!» деп жарқын дауыспен ұрандатып Елдос Сметов пен Дмитрий Баландинді күтіп алған болатын.