«Стоп-коронавирус» онлайн-байқауының нәтижесі бойынша ҚазҰУ-дың әзірлемелері Үкіметке жіберіледі
«Стоп-Коронавирус» байқауын пандемияның алдын алу жне оның салдарын жою бойынша тиімді шешімдерді іздеу мақсатында «ылым қоры» АҚ ұйымдастырып өткізді. Коронавируспен күрес бойынша өз ұсыныстарын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары да ұсынды.
Байқау а. ж. 13-15 сәуір аралығында Фейсбук әлеуметтік желісі жне BILIM PLUS білім беру платформасында онлайн-режимде өтті ( жне ).
Финалға іріктелген 39 жобаның ішінде, қазылар алқасының шешімі жне халықтық онлайн-дауыс беру нәтижелері бойынша, сондай-ақ, коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жне болдырмау бойынша ҚазҰУ ғалымдары ұсынған әзірлемелер жоғары бағалармен атап өтілді.
Қазылар алқасының пікірінше, ҚазҰУ-дың биологиялық ыдырайтын материалдан қолды қорғау құралдарын жасау, вирусқа қарсы препарат жасау, дезинфекциялық жуу құралдарын шығару, жаңа иммуностимуляторларды алу, түймедақ сығындысы бар тері антисептигін өндіру бойынша жобалары жоғары дәрежеде тиімділікке ие жне іске асыруға дайын, сондықтан да финалға қатысқан барлық жобалармен қатар Үкіметтің қарауына, сонымен бірге қызығушылық танытқан инвесторларға ұсынылады.
Профессор Б.К. Заяданның басшылығымен, «Spirulina platensis цианобактерияларының биомассасы жне оның пайдалы өсімдіктермен әр түрлі комбинациялары негізіндегі коронавирустан қорғану мақсатында жаңа иммуностимуляторларды алу» жобасы, қазылар алқасының бағалау нәтижелері бойынша байқау жеңімпаздары қатарына кірді жне ең көп 653 – дауыс жинай отырып, «халықтық» ТОП-жобалар тізімін басқарды. Жобаның мәні цианобактериялардың биомассасы жне оның пайдалы өсімдіктермен әртүрлі комбинациялары негізінде, коронавирустан қорғану мақсатында, антибактериалды, антивирустық, пробиотикалық жне антиоксиданттық қасиеттері бар жаңа иммуностимуляторларды алу технологиясын әзірлеу болып табылады.
Байқау қорытындысы бойынша «ылым қоры» АҚ мүдделі тараптармен бірлесіп, келіп түскен ұсыныстарды жылжыту жне іске асыру бойынша жұмыс жүргізеді.