Әл-Фараби мұрасы — ҚазҰУ

91ý

Әл-Фараби мұрасы

8 мамыр 2020
Әл-Фараби мұрасы

2020 жылдың 14 мамырында Әл-Фараби Орталығы ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Әл-Фараби мұрасы» атты халықаралық онлайн конференция өткізеді.

Онлайн-шараға Қазақстанның, жақын және алыс шетелдердің белгілі фарабитанушы ғалымдары қатысады. Олар қазақстандық қоғамның рухани дамуы мен қазіргі заманғы сын-тегеуріндері контекстінде Әл-Фарабидің зияткерлік мұрасын зерттеудің өзекті мәселелерін талқылайды.

Сондай-ақ,Әл-Фарабидің трактаттары, философиялық мәтінді аудару және мәдениетаралық коммуникация, қазіргі қоғамда «Екінші ұстаз» шығармаларына түсінік беружәне қазіргі қазақстандық фарабитанудың өзекті мәселелері қарастырылады.

Конференцияға қатысу үшін 2020 жылдың 13 мамырына дейінal-farabi@kaznu.kzэлектрондық поштаға арнайы формадағы өтінімді толтырып, баяндаманың мәтінін жіберу қажет.

Ескерту: Конференция ZOOM платформасында өтеді.

Идентификаторы: 401 818 0037

Қатысу шарттары.pdf