- Main
- News
- On December 3, 2020, the al-Farabi Kazakh national University and the TILEU-QABAQ public Foundation will organize an online Republican scientific and practical conference: "the Place of Er yedige in the history of the Golden Horde", dedicated to the 750th anniversary of the formation of th
On December 3, 2020, the al-Farabi Kazakh national University and the TILEU-QABAQ public Foundation will organize an online Republican scientific and practical conference: "the Place of Er yedige in the history of the Golden Horde", dedicated to the 750th anniversary of the formation of th
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және«ձU-ϴ»қоғамдық қоры2020 жылы3 желтоқсандаАлтын Орданың құрылуына 750 жыл толуына орай«Ер Едігенің Алтын Орда тарихындағы орны»аттыонлайн форматтареспубликалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.
Конференцияда Ер Едігенің тарихи рөлі, сондай-ақ басқа да тұлғалардың қызметі мен Алтын Орда тарихына қосқан үлесі қарастырылып, тақырыпқа қатысты қазіргі кездегі концептуалдық көзқарастар талқыланады.
Конференция жұмысы пәнаралық синтез негізінде Алтын Ордадағы саяси қарым-қатынастар мен ондағы жекелеген тұлғалардың қызметін қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихына қосқан үлесі аспектісінде қарастыруға арналған.Сонымен қатар Еуразия құрлығындағы саяси, мәдени және әлеуметтік тарихты зерттеуге байланысты жүргізілген археологиялық ізденістердің негізінде жасалған тың тұжырымдар мен ғылыми жаңалықтар сарапталады.
Конференцияның жұмыс бағыттары:
- Алтын Орда дәуіріндегі тарихи тұлғалар және Ер Едіге;
- Заманауи зерттеулердегі Алтын Орда тарихының өзекті мәселелері;
- Халық ауыз әдебиетіндегі Ер Едігенің тарихи болмысы.
Конференцияның өткізілу тілдері– қазақ және орыс.
Конференцияға отандық жетекші тарихшы, археолог, филолог, шығыстанушы, қоғамтанушы ғалымдар мен мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, БАҚ өкілдері қатысады.
Конференция материалдарын рәсімдеу талаптары қосымшада беріледі.
Конференцияға қосылу Zoom
Конференция идентификаторы:859 6889 2387
Кіру коды:351123
ҚҰРМЕТПЕН, ҰЙЫМДАСТЫРУ АЛҚАСЫ!
Қосымша 1
Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар:
Конференция бағдарламасына кіргізіп, жинағын дайындау үшін2020 ЖЫЛДЫҢ
26 ҚАРАШАСЫНАДЕЙІНтолтырылған тіркелу формасын, 7-10 бетке дейінгі көлемдегіMicrosoftОfficeWord(2003, 2007) арқылы терілген мақалаларыңызды«конференцияға» деген айдармен электрондынұсқасын (материал кері қайтарылмайды) ұйымдастыру алқасына жіберу қажет.
Ұйымдастыру комитетінің байланыстары: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, Бас оқу ғимараты 3, каб. 4-4, Қазақстан тарихы кафедрасы. Тел.: +7 (727)3773338 (вн. 12-86), 87078737923, e-mail:kafedra.kaz@gmail.com
Әр файлда тек бір мақала болуы керек, файлдың атауына автордың тегі жазылуы қажет (Мысалы: Sadykova Ainur_ conference)
Баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар:
- шрифті Times New Roman, (12 pt); интервал – 1, жиектері: жоғарғы – 2 см, төменгі – 2 см, сол – 3 см, оң – 1 см, абзац– 0,6 см.;
- жоғарғы жағында баяндама тақырыбы, 1 интервалдан кейін автордың аты-жөні, жұмыс орны, қаласы, тағы 1 интервалдан кейін мәтін
- суреттер (ақ-қара түсті) 300 dpi –ден кем емес JPEG, JPG форматында сканерленген болуы шарт
- Сілтеме тік төртбұрышты жақшамен мәтіннің соңында берілуі тиіс.
Жинаққа ұсынылатын материалдарыңыз қатаң редакцияланған, талапқа сай болуы тиіс. Баяндама мәтіні мен мазмұнына автор жауап береді. Мақаланы қабылдау, жариялау туралы шешімді Ұйымдастыру алқасы қабылдап, 3 күн мерзімнің ішінде электронды адреске жауаптарын жібереді. Конференция жинағы ұйымдастырушылар қаржысына шығарылады.
Конференцияға қатысушылардың жолы, қонақ үйі, тамағы конференцияға қатысушылардың тарапынан төленеді.
ТІРКЕЛУ ФОРМАСЫ
Тегі______________________________________________________________
Аты
Әкесінің аты (толық)________________________________________________
Ғылыми дәрежесі, лауазымы__________________________________________
Жұмыс орны (елі, ұйымның толық атауы, кафедрасы)____________________
Байланыс телефондары,E-mail_______________________________________
Секция
Баяндама тақырыбы_________________________________________________
Мен:
¨Секция отырысында баяндама жасаймын;
¨Конференцияға тыңдаушы ретінде қатысамын;
¨Сырттай қатысамын.
Өтетін орны:Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 71, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Әл-Фараби кітапханасы, 409 зал. Басталуы: сағ.10.00.