Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің инжеренерлік мамандық бойынша оқытушыларына арналған IPET-1 үздіксіз білім беру модулі 2020 жылдың желтоқсан айының 21-інен бастап 2021 жылдың қаңтар айының 20-сы аралығында жүргізілді. Бұл модульда «Инженерлік педагогикадағы инновация», «Тайм менеджмент» және «Тиімді коммуникация» пәндері 2 EСTS көлемінде жүргізілді.
Естеріңізге сала кетсек, ENTER жобасының негізгі мақсаты - жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру шеңберінде, мәдениетаралық қарым-қатынас пен халықаралық ынтымақтастық қағидаттарына негізделген инженер-педагогтардың кәсіби-педагогикалық дайындығының инновациялық көп деңгейлі модульдік жүйесін жасақтау (). Сонымен қатар бұл жүйе пайдалану ыңғайлылығымен, қаржылық шығындарының төмендігімен және замануи электрондық оқыту технологияларын тиімді қолданылуымен ерекшеленеді.
Дисклеймер. Жобаны Еуропалық Одақтың Erasmus + бағдарламасы қоса қаржыландырады. Бұл веб-сайтта тек авторлардың көзқарастарын көрсетеді және Еуропалық Комиссия ондағы ақпараттарды пайдалануға жауапты емес.
Басқа жаңалықтар