Алматыда экологиялық журналистика бойынша курс өтеді
Ағымдағы жылдың 15 наурызынан бастап 19 наурызына дейін Алматыда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті экология саласында маманданған журналистер үшін оқыту курстарын өткізеді (бағдарлама қоса беріледі).
Оқыту курстары офлайн форматта келесі мекен-жай бойынша өтеді: Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 71/27. Қатысушылар «Экологиялық журналистика» курсын өткендігі туралы сертификаттар алады.
Тікелей көрсетілім Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Facebook-тегі https://www.facebook.com/KazakhNationalUniversity ресми парақшасында өтеді.
Құрметті журналистер, аталған курстан өтуге қызығушылық танытқан жағдайда, мына сілтеме бойынша тіркеуден өтулеріңізді сұраймыз:.
Барлық қызықтыратын сұрақтар бойынша келесі байланыс телефондарына хабарласуға болады: +77029857977, Ақмарал, +77029992277, Анель.
Басқа жаңалықтар