«БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ — ҚазҰУ

91ý

«БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

27 сәуір 2021
«БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ         КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Құрметті әріптестер!

Сіздерді б.ғ.д., профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ылым Академиясының корреспондент мүшесі Тулеуханов Султан Тулеуханұлының 70 жас мерейтойына арналған «Биология және биотехнологияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.

Конференцияға баяндамалар ретінде теориялық, эксперименттік және қолданбалы сипаттағы ғылыми жұмыстар, сондай-ақ ғылыми жаңалықтар ұсынуға болады.

Конференцияда Сіздерді көретінімізге қуаныштымыз!

Ұйымдастыру комитеті

Конференция секциялары:

№ 1 секция. Биофизика, биомедицина және нейроғылымдардың өзекті мәселелері

№ 2 секция. Биотехнология, микробиология және экологияның өзекті мәселелері.

№ 3 секция. Биоалуантүрліліктің және биологиялық ресурстардың өзекті мәселелері.

№ 4 секция. Молекулалық биология және генетиканың өзекті мәселелері.

№ 5 секция. Қазіргі білім беру жүйесінің өзекті мәселелері.

Конференция инф.каз.docx

Конференцияның өтетін күні: 27 мамыр 2021 ж.

Конференцияның өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Әл-Фараби» кітапханасы, 4 қабат

Конференция форматы: гибридті формат (онлайн және оффлайн)

Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс және ағылшын

Ұсынылған мақалаларға жүргізілген сараптамалық бағалау нәтижелері бойынша электронды және кітаптық форматта конференцияның жинағы шығарылады.

Конференцияның тіркелу жарнасы

Конференцияға қатысу тегін. Конференция соңында қатысушыларға сертификат беріледі.