БІРІНШІ ОНЛАЙН ЕВРАЗИЯЛЫҚ МОДЕЛЬДІК ИЫҰ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ!Farabi University

91ý

БІРІНШІ ОНЛАЙН ЕВРАЗИЯЛЫҚ МОДЕЛЬДІК ИЫҰ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ!

24 маусым 2021
БІРІНШІ ОНЛАЙН ЕВРАЗИЯЛЫҚ МОДЕЛЬДІК ИЫҰ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ!

Биоалуантүрлілік жне биоресурстар кафедрасының зоология пәнінің оқытушысы жне докторанты, әрі Зоология институтының кіші ғылыми қызметкері Назерке Бижанова ИЫҰ (Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы) 4-ші Атқарушы Модельді конференциясына қатысты. ИЫҰ моделі лекциялар мен семинарларды, халықаралық симуляциялық конференцияны қамтыды жне ресми жабылу рәсімімен аяқталды.

«Аймақтық даму мен қауіпсіздікке қол жеткізу үшін халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығы» тақырыбында өткен ИЫҰ 4-ші Атқарушы моделінің 5 күндік халықаралық симуляциялық конференциясына 30-дан астам елден 100-ден астам жас өкілдер қатысты. Әзербайжандағы ИЫҰ-ға мүше елдерден – Палестина, Пәкістан, Қазақстан, Марокко жне Алжирдің елшілері, сондай-ақ ICYF Еуразиялық аймақтық орталығының (ICYF-ERC) бас директоры Эльмаддин Мехдиев мырза жне Әзірбайжан Республикасының спорт саласы жне жастар министрлігінің министр орынбасары Фархад Гаджиев мырза жне басқа да көптеген халықаралық ғалымдар жобаның онлайн-дәрістері мен конференцияларына қатысып, ұлттық даму, халықаралық ынтымақтастық, тұрақты даму жне экологиялық проблемалар сияқты маңызды мәселелерді талқылады. Дәрістер барысында Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов мырза Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы туралы айтты, біздің жылдар бойғы күш-жігеріміз туралы жне біз қаншалықты алға жылжығанымызды, бүгінгі күнде прогресс пен орнықты даму дәуіріне елімізді айналдырғанымыз туралы сөйледі.

Жобаны ICYF-ERC Әзірбайжан Республикасы Жастар жне спорт министрлігімен (, жне ) серіктестікте ұйымдастырды.

Назерке Бижанова жне тағы бірнеше қатысушылар жобадағы белсенділіктері мен үздік көрсеткіштері үшін марапатталды.

ҚазҰУ-дың Биоалуантүрлілік жне биоресурстар кафедрасы жне Биология жне биотехнология факультеті әл-Фараби Назерке Бижанованы құттықтайды жне болашақта жаңа табыстар тілейді!

Биоалуантүрлілік жне биоресурстар кафедрасы