Құрметті оқытушы ханымдар, қызметкер азаматшалар,
білім алушы қыздар қауымы!
Сіздерді 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніменшын жүректен құттықтаймын!
Көктем нұрымен бірге келген шырайлымереке көңілдеріңізді гүлге, жандарыңызды шуаққа бөлесін.
Сіздер біздің қоғамдағы бірліктің, жасампаздық пен тұрақтылықтың бейнесіне айналдыңыздар.
Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаев:«Егемен елімізде әйелдер қауымы үшінжаңа мүмкіндіктерге жол ашылды.Әйелдердің шығармашылық және кәсіби біліктіліктерін арттыру үшін барлық жағдай жасалуда.Алдағы уақытта талантты да талапты әйелдер қоғамдық-саяси өмірдің түрлі саласында зор жетістікке жететініне сенемін», –деп атап өткен болатын.
Ел Президенті биылғы 2022 жылды«Балалар жылы»деп жариялады. Бұл орайда, бала тәрбиелеп, ұрпақ өрбітіп отырған аналарға қамқорлық та, құрметте айрықша болуы керек.
Қазіргі кезде білім беру саласында әйел-ұстаздардың, әйел-ғалымдардың үлесі басым.Бүгінгі күніҚазҰУ-дың оқытушы-профессорлық құрамында1725қыз-келіншек жұмыс атқарады.
Олар жалпы ғалымдар санының63пайызын құрайды.
Оның ішінде324ғылым докторы,601ғылым кандидаты,286PhD докторы,1ҚР ҰҒА академигі және Қазақстан ЖоғарымектебіҰлттық ғылым академиясының2корреспондент- мүшесі бар.
Құрметтіарулар!
Әйел-Ана– отбасының ұйытқысы, береке-бірліктің шырақшысы.Қазақхалқы«Әуелгі байлық –денсаулық, екінші байлық–он саулық, үшінші байлық–ақ жаулық»деп, аналарымыздың қадір-қасиетінерекшедәріптеген.
Үйлеріңізден қуаныш кетпесін, бала-шағаларыңыздың болашағы жарқын, азаматтарыңыз аман болсын!
Сіздерге мықты денсаулық,отбасыларыңызғабақ-береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Құрметпен
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ
Other news