ЕЛОРДА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! — ҚазҰУ

91ý

ЕЛОРДА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

5 шілде 2022
ЕЛОРДА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары,студенттері, магистрант, докторанттары!

Сіздерді Елорда күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Елорда – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі.

Бас қаламыз — береке-бірлігіміз бен жарасты тірлігіміздің жемісі мен жеңісі.

Астананың өсіп-өркендеуіне, құлпырып-жайнауына әрқайсыңыздың қосқан үлесіңіз ұшан-теңіз.

Елорданың болашағы – білімді, іскер жастардың қолында!

Еліміздің абыройы асқақтап, халқымыздың мәртебесі арта берсін!

Сіздерге мықты денсаулық, елімізге тыныштық, әр шаңыраққа бақ-береке тілеймін!

Құрметпен,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

Басқарма Төрағасы – Ректоры

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ