ылыми жобаларды коммерцияландыру мәселелері талқыланды — ҚазҰУ

91ý

ылыми жобаларды коммерцияландыру мәселелері талқыланды

9 қыркүйек 2022
ылыми жобаларды коммерцияландыру мәселелері талқыланды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Қытай технологияларды тарату орталығының өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шара аясында «ылым қоры» АҚ қаржыландырған ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің таныстырылымы өтті.

Шараға Қытай технологияларды тарату орталығының жетекшісі Чжао Чжунъюань, орталықтың Қазақстандағы ресми өкілі Абай Саханов, «ылым қоры» АҚ департамент директоры Ләззат Мылтықбаева, ылым және инновациялық қызмет жөніндегі департамент директоры Еркін Хакімжанов және басқалар қатысты.

ылым және инновациялық қызмет жөніндегі департамент директоры Еркін Хакімжанов университеттің ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар саласындағы жетістіктерімен таныстырды.


Бүгінде университет ірі зияткерлік корпорация болып табылады. Университет базасында 35-тен астам ғылыми-зерттеу институты мен ғылыми орталықтар жұмыс істейді. ҚазҰУ ғалымдарының инновациялық әзірлемелері өндіріске, соның ішінде шағын және орта бизнеске енгізілуде.

Өз кезегінде Қытай технологияларды тарату орталығының басшысы Чжао Чжунъюань ҚазҰУ басшылығына жылы қарсы алғандары үшін алғысын жеткізіп, өзара тиімді және ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа мүдделілігін білдірді.


Іс-шара барысында «ылым қоры» АҚ қаржыландырған коммерцияландыру жобаларының тұсаукесері өтті. Олар: орта оқу орындары үшін физика курсы бойынша электромагниттік құбылыстарды зерттеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешендердің шағын өндірісін құру; жоғары оқу орындарының, ҒЗИ қызметін кешенді автоматтандыру және цифрлық сервистерді енгізу; жоғары оқу орындары үшін жоғары қуатты энергия үнемдейтін газ разрядты шамдардың шағын сериялы өндірісін ұйымдастыру; жаңа технологиялар негізіндегі жарқыл қарқындылығы; кең ауқымды қолдану үшін көміртекті наноқұрылымды материалдар өндірісін ұйымдастыру және т.б. жобалар.

Кездесуге қатысушылар ынтымақтастықты одан әрі дамыту, инвестиция тарту, өнімдер, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін Қытай нарығына шығу, жобаларды коммерцияландыру технологиялары мәселелерін талқылады.

Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің Қытай технологияларды тарату орталығы 2020 жылғы 10 желтоқсанда ҚХР премьер-министрі Ли Кэцянның нұсқауына сәйкес, ШЫҰ хатшылығының, ҚХР Сыртқы істер министрлігінің, ҚХР ылым және технология министрлігінің, сондай-ақ Циндао қаласының аудандық үкіметінің қолдауымен құрылған.

Бұл орталық халықаралық ынтымақтастық арналарын кеңейту және ғылым, технология, мәдениет, экономика және сауда саласындағы көпжақты ынтымақтастықты дамыту үшін құрылған ірі инновациялық алаң.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі