«Ханинсинмун» газетінде Корея университеттерінің студенттерімен тарихи экскурсия бағдарламасы туралы мақала жарияланды — ҚазҰУ

91ý

«Ханинсинмун» газетінде Корея университеттерінің студенттерімен тарихи экскурсия бағдарламасы туралы мақала жарияланды

24 қыркүйек 2022
«Ханинсинмун» газетінде Корея университеттерінің студенттерімен тарихи экскурсия бағдарламасы туралы мақала жарияланды

Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің Қиыр шығыс кафедрасының арнайы шақыртылған профессоры Ли Бёнг Джо "Ханинсинмун" газетінде корей университеттерінің студенттерімен тарихи экскурсия бағдарламасына қатысты мақала жариялады.

Бұл газет мақаласында " Кореяның 20-ға жуық жоғары оқу орындарының студенттері корёиндермен және Корея тәуелсіздігі үшін күрескен Жапонияға қарсы патриоттармен байланысты Қазақстандағы(Алматы, Үштөбе, Қызылорда) тарихи орындарға экскурсия өткізді. Шақырылған профессор Ли Бёнг Джо осы саланың маманы ретінде Бағдарламаға қатысушыларға барлық тарихи орындарда пайдалы ақпарат берді"- деп хабарланған.