Шығыстану факультетінің магистранты Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында еліміздің Жапониядағы Елшілігінде дауыс берді — ҚазҰУ

91ý

Шығыстану факультетінің магистранты Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында еліміздің Жапониядағы Елшілігінде дауыс берді

24 қараша 2022
Шығыстану факультетінің магистранты Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында еліміздің Жапониядағы Елшілігінде дауыс берді

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің магистранты Мұқанова Алима  еліміздің Токио қаласында орналасқан Жапониядағы Елшілігінде Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында дауыс берді.

Онда әлемнің ең үздік университеттерінің бірі – Токио университетінің академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша бола отырып, ол өзінің белсенді азаматтық ұстанымын көрсетті. Қазақстанның патриоты ретінде ол өз болашағын таңдады.