«Болашаққа нық қадаммен!» атты концерт өтеді — ҚазҰУ

91ý

«Болашаққа нық қадаммен!» атты концерт өтеді

15 қараша 2011
«Болашаққа нық қадаммен!» атты концерт өтеді

16 қарашада ҚазҰУ колледжінің акт залында «Көмек» еріктілер қозғалысының ұйымдастыруымен «Болашаққа нық қадаммен!» атты балаларға арналған концерті өтеді. Қазіргі заманғы қоғамда еріктілер қозғалысы маңызды орынға ие. Жастар арасында еріктілер қозғалысын кеңінен насихаттауға және қайырымдылық іс-шараларға ат салуға шақыратын «Көмек» еріктілер қозғалысының құрылғанына 1 жыл болды. Осы уақытта қозғалыспен көптеген қайырымдылық іс-шаралары атқарылып келеді.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі