«Қытай тіліндегі туыстық атаулардың этнолингвистикалық ерекшеліктері» тақырыбында ғылыми семинар өтті — ҚазҰУ

91ý

«Қытай тіліндегі туыстық атаулардың этнолингвистикалық ерекшеліктері» тақырыбында ғылыми семинар өтті

7 желтоқсан 2022
«Қытай тіліндегі туыстық атаулардың этнолингвистикалық ерекшеліктері» тақырыбында ғылыми семинар өтті

Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының шетел филологиясы (шығыс тілдері) мамандығының 2-курс магистранты Меделова Әсем Асхатқызы ағымдағы жылдың 6 желтоқсан күні «Қытай тіліндегі туыстық атаулардың этнолингвистикалық ерекшеліктері» тақырыбына ғылыми семинар өткізді. Семинар барысында қазіргі таңдағы лингвистика саласында зерттелу үстіндегі этнолингвистика бағыты бойынша мәселелер қарастырылды. Семинарға кафедра оқытушылары мен жас қытайтанушы ғалымдар қатысып, тақырып бойынша қызу пікірталас өткізді.