Хаджиева Л.А. 2022 жылдың «Үздік ғылыми қызметкері» байқауының жеңімпазы атанды — ҚазҰУ

91ý

Хаджиева Л.А. 2022 жылдың «Үздік ғылыми қызметкері» байқауының жеңімпазы атанды

30 қаңтар 2023
Хаджиева Л.А. 2022 жылдың «Үздік ғылыми қызметкері» байқауының жеңімпазы атанды

     2022 жылдың «Үздік ғылыми қызметкер» байқауының қорытындысы жарияланды. ылыми-зерттеу институты мен жоғарғы оқу орындарының 50 ғалымы аталмыш байқаудың жеңімпаздары атанды. Механика-математика факультетінің оқытушысы, ф.-м.ғ.д., профессор Хаджиева Леля Азретовна 2022 жылдың «Үздік ғылыми қызметкері» байқауының жеңімпаздарының бірі атанды. Байқау жеңімпаздарының әрқайсысы растаушы куәлік пен 200 АЕК көлемінде сыйақы алады.

     «Үздік ғылыми қызметкер» байқауы - Қазақстан Республикасының ылым және жоғары білім министрлігінің ғалымдарды қолдауымен әр жыл сайын ұйымдастырылатын шара. Ол ғылым мен техникаға еңбек сіңірген ғалымдарды қолдауға бағытталған.

     Республикалық комиссияның шешімі бойынша еліміздің еңбек сіңірген 50 ғалымына 2022 жылдың «Үздік оқытушысы» атағы берілді.

     Хаджиева Леля Азретовнаны жеңісімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс пен кәсіби өрлеуді тілейміз!