Факультет Лион жоғары қалыпты мектебімен (ENS Lyon) ынтымақтастықты дамытады — ҚазҰУ

91ý

Факультет Лион жоғары қалыпты мектебімен (ENS Lyon) ынтымақтастықты дамытады

14 желтоқсан 2022
Факультет Лион жоғары қалыпты мектебімен (ENS Lyon) ынтымақтастықты дамытады

14 желтоқсанда халықаралық қатынастар факультетінің ұйымдастыруымен ҚазҰУ факультеттер өкілдері мен Францияның Лион қалыпты жоғары мектебі (École normale supérieure de Lyon, ENS Lyon) өкілдерінің онлайн-кездесуі болып өтті.

Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты орнату және дамыту мүмкіндіктері жайында ой бөлісті.

Онлайн-кездесудің қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Лион қалыпты жоғары мектебі 2023-2024 оқу жылының күзгі семестрінен бастап академиялық ұтқырлық бойынша өзара білім алушыларды жіберу жайындағы меморандумды жасау жұмыстарын бастауға уәделесті.